«Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық» деп үн қатып, өзге тілде жазса да өз елін, тілін сүйген, халқын қадір тұтқан қазақтың біртуар азаматтарының бірі – Олжас Сүлейменов. Туындыларынан сезім қуаты, қазақ даласының құдіреті ерекше көрінеді. Байтақ даладағы аттың тұяғының дүбірі оқырман жүрегінің дүрсілімен сабақтасып, байланысып кететіндей әсерлі қалам тербейтін әдебиет әлемінде орны бөлек жандардың бірі. Жазушы, сыншы Асқар Сүлейменов Олжас Сүлейменовтың ақындық өнері туралы былай деп жазған: "Сүлейменов өз өлеңдерін орыс тілінде жазады. Осыған қарамастан, оның барлық өлеңдері өзінің табиғатымен туған қазақ жерінен дем алады... Біз мамыр бұлттарымен ұштасқан Алатау шыңын, Махамбет пен Құрманғазы күйінің патетикалық ырғағын көреміз...». Бар КСРО мемлекеттеріне қазақтың мәселелерін орыс тілінде жеткізіп, әлемге көрсетіп берген ардақты азаматтың шын келбеті осындай.
О.Сулейменов шығармашылығы да бір төбе. Дау тудырған "Аз и Я" кітабының өзін көпшілік мойындады, бірақ кереғар пікірлерде жоқ емес. Баспадан басылып шығуы үлкен мәселеге айналып, Д.Қонаевтың қолдауымен жарық көрген еді. Ұзақ уақыт бойы оқырман қолына тимеуінің де себебі бар. Жалпы славян халықтарына, әсіресе орыс халқының лингвистикасына терең бойлап, кірме, бұрмаланған сөздерді шығу тарихымен қоса ашып жазады. Оның "Слова о полку Игореве" қыпшақ сөздерін зерттеп жасаған еңбегі кеңес идеологиясын ұстаушыларға ұнамады, өйткені бұл орыс әдебиетінің мақтанышы еді. Оған қоса «Орыс тіліндегі 30% сөздер тюркизмдер» дегені зиялы қауым арасында, ғалымдар мен тіл зерттеушілерінің арасында үлкен дау тудырған еді. Осы мәселеге байланысты арнайы Мәскеуге де шақырылып, "Аз и Я" кітабының тек архивтен алынған орыс ғалымдарының берген материалдары бойынша жазылғаны белгілі болды.
Академик Дмитрий Лихачев өзінің «"Слово о полку Игореве" және оның заман мәдениеті» атты монографиясында Олжас Сүлейменовке жеке тарау арнайды. «Қазақ ақынының жазбаларынан "ұлтшылдықтың" дәлелдерінен таптым, оның еңбектері ештеңе тұрмайды» деген тұжырымға келеді. Кітап тек қана шетел академиктерінің ғана ашу-ызасын тудырған жоқ, өз елімізде де түсіне алмай жатқандар қарасы көп еді. Тіптен, газет-журналдарда белгілі ғалымдар мен профессорлардың мақалалары жарық көрген болатын.
1977 жылы "Социалистик Қазақстан" газетінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің "Аз и Я" кітабы және оның авторы туралы көзқарасын білдіретін мақала жарияланды: "...кітапта әлемдік мәдениет тарихындағы түркі халықтарының орны табылмады, ғылыми тұрғыдан ешқандай қатысы жоқ көзқарас тұрғысынан қаралды; екі жүз жыл ішінде бір ауыздан орыс жерлерін біріктіруге шақыратын шығарма болып саналатын " Аз и Я " идеялық мазмұнын қайта қарауға тырысқан О. Сүлейменовтың әрекетін дұрыс емес деп санауға болады.; ғылыми дәйектілікпен, дұрыс емес тұжырымдар интернационалдық тәрбиеге ықпал етпейді; автор осындай маңызды тақырыпқа оңай қарайды, дилетанттық көзқараспен қаралғанын көрсетті" деп теріс пікірлер білдіріп жатты.
Кітап шыға салысымен алғашқы жағымсыз пікірді тарих ғылымдарының докторы А. Кузьминнің "Точка в круге, которой вырастает репей" атты мақаласымен "Молодая гвардия" журналы жазды. «Кітаптың негізгі мазмұнына автордың қатысы жоқ. Ол зерттеуші ретінде саяси сенімсіздіктерге әкеліп соқтырды. О.Сүлейменов позитивизм рухында тарихтың саясаттан тәуелсіз болуын талап етеді» деген болатын. Л. Фризман есімді журналист кейінірек жазылған мақаласында осы бір түсініктің қате екендігін дәлелдейді. «Позитивизм» ұғымының негізгі мағынасына тоқтала отырып, қазіргі таңда тарихтың саясаттың ойыншығына айналып бара жатқандығын алға тартады.
"Молодая гвардия"-ның артынан О. Сүлейменовтың кітабы жайлы "Мәскеу" журналының журналисі Ю. Селезневтің "Мифы и истины" атты мақаласы жарық көрді. «ХХ ғасырдың мифтері, белгілі бір "бас кейіпкердің" өзі— отаршылдық, басқыншылық, ұлттық қозғалыстардың басталуы, нәсілшілдік және империалистік түріктің әртүрлі мүдделеріне қызмет еткен» деп ауыр айып тағады. Бірақ, мифтер мен аңыздардың қандай қатысы бар? Кітап бір сөзбен лингвистикаға жайлы ғой. Автордың жазудың реті осы екен деп тақырыптан біршама ауытқып кеткені несі?
Ал Дмитриев пен Твороговтың бағалауы бойынша «Ол көне орыс тіліне бар-жоғы белгісіз жаңа сөздер жасап шықпақшы, көне орыс тілінің грамматикасына қайшы келетін жаңа грамматиканы, қолжазбалардың бір де бір мысалы растамайтын жаңа палеографияны жасайды» деп пікір білдерген еді. Шетел зерттеушілерінің сын-пікірлері бір арнаға келіп тоғысып, бір-бірін қайталап жатқан басылымдар сияқты. Әйтеуір, шамалары келгенше жоққа шығару, мойындамау.
1986 жылы американдық "Проблемы коммунизма" журналы "Аз и Я" кітабын қайта құру жылдарына дайындық деп көрсетті. Ал осы мақсатта жарық көрген алғашқы кітап - А. Солженицынның «Архипелага ГУЛАГ» кітабы дейді.
Олжас Сүлейменов «" Слово о полку Игореве " сыншылары: "...Бұл Екатерина кезінде орыс әдебиетінің ежелгі тарихын дәлелдеу үшін ойлап табылған" дейді. Бұл шындық, бірақ көп рет өңделіп берілгеннен кейін сөздерім бұрмаланды. Бұл кеңес Ғылым Академиясының менің кітабымда жек көруінің басты себебі болды» деп соңғы берген сұхбаттарының бірінде қысқа ғана қайырған болатын. Ашығын айтқанда, жалған намыс пен кемдемсоқтық шындықтың бетіне тура қарауға мүмкіндік бермейді. Өзімшілдікке салып, ары-бері тартысып, шешімін таппай тұрғаны сондықтан. Асылы, дәлелденген дүниені жоққа шығару дұрыс болмас.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жапар Әубәкір
О.Сүлейменовтің ұстазы Д. Қонаевты Н.Назарбаевқа сатқанын, досы Назарбаевты жақында ғана Қ.Тоқаевқа сатқанын оқыған шығарсыздар, интернеттен. Ол - алаяқ. Семей полигонын ол жапқан жоқ. Кешірім Бозтаевтың "Семей полигоны" кітабын ашық
айтылған. Ал "Аз и Я" кітабы туралы маңдайалды түріктанушы Л.Гумиев интернеттгі интервьюінде: "Сколько страниц, столько ляпсусов" деген. Ал бұл орыстілді ақын қазақ туралы: "казахский язык - язык кухни... култура Қазахстана не может развиваться без русского языка... Полная независимость Казахстана опасна без союза с Россией... "дедіме-ау, айтпаған шатпағы жоқ. Қонаев пен Назарбаевтан кезінде алмаған атағы, силықтары жоқ. Жасы 90-ға толарда Қ.Тоқаевқа жағынуды ойластырып жүргені сөзсіз. Ымыралас дос-жолдастарын сайратып, интернетте өзін Данышпан етіп мадақтатып қойды. Назарбаев құрып берген "Невада-Семейінде" полигоннан зардап шеккен семейліктерге көмек" қорын құрып, 14 миллиард доллар жинап алып, семейліктерді ұмытып, өзара бөліп алды:Машкевич, Шодиев, Ибрагимов, Беренбаум. КРУ Минфина акт жасады, бірақ ол акт Досының сейфінде қалған болды. Оның да қоржыны толтырылған шығар. Мақтап жүрген "ұлы" ақындарыңның сықпыты осындай.
Жапар Әубәкір
Мен жаңа ғана жаздым ғой, ол қайда?