Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.
Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.
Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді. Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шаатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.
Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 ж-дың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л.Н. Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген жартылыстанушы ғалым Е.П.Михаэлиспен кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді.
Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875—1878 жж. Қоңыр, Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салады. Абай кейін Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым -қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.
Абай өлеңдерін 10 жасынан (“Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз бетіне түсіре бастады. “Сап, сап, көңілім”, “Шәріпке”, “Абыралыға”, “Жақсылыққа”, “Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның “Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген “Қыс”, “Күз”, “Жаз”, “Жазғытұры” өлеңдері, “Масғұт”, “Ескендір”, “Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан “Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырған. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі