Марат Сәметұлы Бисенғалиев — скрипкашы. 1962 ж. Алматы қаласында туған.
Мараттың әкесі Сәмет Бисенғалиевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданын мекендеген. Ол институтта жоғары білім алған соң Қырғызстанның Жалалабад облысының қаржы бөлімін басқарды. Кейін отбасы Алматыға коныс аударғасын Сәмет Бисенғалиев қаладағы Калинин ауданының қаржы бөлімінің төрағасы қызметінде болды.
Мараттың анасы — Арухан көршілес Астрахань облысынан, мамандығы — мұғалім. Сәмет пен Аруханның ұрпақтары — Ғалия, Райхан, Батима, Ғанимат, Сағадат. Олардың кенжесі — Мараттың Алматыда 1962 жылы 13 наурыз күні кіндігі кесілді. Егер де оның анасы Маратты Алматыға қонаққа келгенінде босанбаса, жолшыбай туып қалар еді. Сәмет Бисенғалиев домбыра аспабында тамаша ойнайтын. Жерлестері ортасында үлкен құрметке иетұғын. Оның орындаушылығында Дәулеткерей мен Сейтек күйлері әуен фирмасында кезінде таспаланған-ды. Мараттың музыкалық қабілеті кешірек оянды. Мектепте жүрген шағында оны алда музыка өнерпазы болады деп ешбір жан ойламаған. 1969 жылы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық училищенің скрипка класында оқуды бастайды. Ол 8 сыныпта Нина Михайловна Патрушевнаның тәрбиесінде нағыз ұстазын табады. Сонда ғана скрипкада беріле ойнайды. Училищені бітірген соң ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ардақты Н.М.Патрушеваның класына қабылданды. Үшінші курста П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Борис Владимирович Беленькийдің класына ауысты. Марат ұстазы туралы: — Борис Владимирович Беленький атышулы ұстаз, профессор Л.М.Цейтлиннің шәкірті. Оның шәкірті болған, ассистенті Алексей Бруни менің музыкалык дамуыма барлық жағдайды жасады және талай еңбектенуімді қадағалауда болды. Ол маған дегенде активті, кей кезде беделді позицияда болды. Биік методикалық әдіспен жүргізілген сабақтар және қатал тәртіп менің техникалық шеберлігімді шыңдай түскен мектеп еді, — дейді. Мараттың жарқын орындаушылығы оның аспиранттық шағында Мәскеудің Үлкен театры және Ленинград симфониялық оркестрінің концертмейстері С.Гришенконың жетекшілігімен дами түсті.
Марат консерваториядағы оқу жылдарында өзінің курстас жолдастары арасында үлкен құрметке ие болды. Ол Б.Беленькийдің кластық концерттерінде, консерваторияның кіші залында скрипкада шебер орындайтынын таныта түсті. Оның жеке концерті Мәскеу консерваториясының Үлкен залында Мемлекеттік симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Л.Бетховеннің скрипкалық концертін орындады. Консерваториядағы оқуы аяқталғасын Марат Бисенғалиев бойындағы жастықтың алаулаған күшін халықаралық скрипкалық сайыстарда сынай бастады. 1991 жылы Испанияда өткен Никанор Забелета атындағы конкурста бірінші орынды жеңіп алды. 1988 жылы Қазақстанға келіп «Алтын алма» атты жеке батыстық музыка ұжымдарымен тайталаса алатын камералық концерт құрды. Дирижер Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры Я.Фудиман, Р.Хисматуллин, Я.Мавриди, С.Бисенғалиева, М.Бекмағанбетов сынды өнерпаздарды шақырды. Бұл Мараттың өзі үлкен қанағаттанушылықпен есіне алатын оркестрді басқару тәжірбиесі еді. Бастама Мараттың Англияға кетуіне орай тоқтап қалды. Мәскеу консерваториясында оқып жүргенінде ағылшын ұлтының қызы Стинамен танысады. Оқуын аяқтағысын бірден Лондонға барады да үйленеді. 1990 жылы Англия корольдігінің оркестрімен үлкен концерт атқарды. Оның скрипкашылық өнері таныла түсті. Осы жылы «Наксос» фирмасының менеджері оны байқап, осы фирмамен бірге жұмыс істеуге шартқа отыруды ұсынады. Мұның өзі скрипкашы алдында батыстың көптеген концерттік залдарының есіктері айқара ашыларына және әлемдік жетекші маңыздағы оркестрлерде орындауына жол ашылды. Ол әлемнің ең үздік, әркімнің қолына түсе бермейтін «Карнеги Холл» және «Барбикен Холл», «Альберт Холл», «Гивен Хауз» залдарында өнерімен тамсандырды. Осылардың арқасында Марат Сәметұлының орындауындағы шығармалар жазылған үнтаспалар сатылымы молая түсті. Оның көптеген дискілері ағылшын журналы «Граммофонның» үздігі аталды. 1989 жылы Мәскеудегі «Мелодия» фирмасы да оның орындауындағы шығармаларды үнтаспалады. Оның репертуарына 80 скрипкалық концерттері мен 1,5 сағаттық камералық музыкаға арналған бағдарламалары енді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі