I Аббас шах – Парсы империясындағы Сәфәуид әулетінің ең көрнекті билеушісі және қолбасшысы. Аббас – Иран шахы Сұлтан Мұхамедтің үшінші ұлы және тақ мұрагері. Әкесінің орнын 1587 жылдың қазан айында басты.
1590 жылы Аббас Парсы территориясының бір бөлігін беріп, Осман империясымен арадағы соғысты тоқтатты. Мұндағы мақсаты Солтүстік-Шығыс Ирандағы көшпелі өзбектерді елден қуып, өздеріне бәсекелес Қызылбас тайпасын биліктен шеттету болатын.
Өзбек ханы Абдулла Хорасанды, Мәшһәд шаһарын парсыларға қайтарды. Сөйтіп, өзбектерді Әмудария өзеніне дейін тықсырды.
Аббас Сәфәуид билеушілерінің арасында жігерлігімен және саяси көрегенділігімен ерекшеленді. Елінде жолдар мен көпірлер салдырып, қалаларды безендіруге күш салды.
Си-о-Се Поль (33 доғалы көпір деген мағына береді) көпірі. 1599-1602 жылдар аралығында, I Аббас шахтың тұсында салынған.
1592 жылы ол өзінің резиденциясын Казвин қаласынан Исфаханға көшіріп, оны әлемдегі ең әдемі қалалардың біріне айналдырды. Үндістан мен Еуропа арасында сауда-саттық байланысын дамытты. Осы кезеңде парсы өнерінің жұлдызды шағы туып, жазбаларды қашап жазу, керамика мен бейнелеу өнері қарыштап дамыды.
Әскери жетістіктері мен әкімшілік жүйені тиімді басқаруының арқасында Аббас шах Иранды Ұлы держава деңгейіне жеткізді.
I Аббас 1629 жылы Мазандаран профинциясында қайтыс болды. Иранда ол осы күнге дейін дәстүрлі ертегілердің басты кейіпкеріне арналған танымал тұлға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Дәмір
I Аббас шах туралы қызық мәлімет, рахмет
Али
Иран тарихы қызық жалпы парсылардың ықпалы әлемге үлкен болған ғой қазақ тілінде парсы тілініне кірме сөздер көп