Өлең, жыр, ақындар

Көкөніс дақылдары

Көкөніс дақылдары — көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80 тұқымдасының 600-ден астам түрі бар. Жеміс ұрықтылар (қызанақ, кияр, бұрыш), жапырақтылар (капуста, салат), бадана (пияз және сарымсақ), тамыр-жемісті өсімдіктер (сәбіз, қызылша, ақжелкен) Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарында өсіріледі.

Көкөніс шаруашылығы

1) көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік   шаруашылығынан ерекшелігі — мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған жерлерде өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық көкөніс шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді. Қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығының ең жетілген түрінде мысалы, осы заманғы жылыжайларда) өсімдіктің өсіп-дамуына қажетті барлық жағдайлар жасалады және жылдың кез келген мезгілінде (қыста, ерте көктемде және қара күзде) көкөніс алуға мүмкіндік береді.

Ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы — көкөністі танаптық жағдайларда өсіреді. Көкөніс шаруашылығында өсімдікті ерте көктету, өсіріп жетілдіру (мысалы, түсті капусталар), көшеттерді тығыз (мысалы, кеш пісетін капусталар аралықтарына ерте пісетін капусталар отырғызылады) және кайта егу (мысалы, ерте алынатын шалғам орнына аскөк отырғызылады) мен отырғызу әдісі кеңінен қолданылады. Деректерге сүйенсек, біздін, заманымыздан бұрынғы 3 мыңыншы жылдары-ақ көкөніс өсірумен Ежелгі Қытайда, Мысырда, Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде айналысқан.

2) көкөніс дақылдарының биологиясын, көкөніс өнімділігін жоғарылату мен сапасын жақсартудың озық технологиясын, еңбек шығыны мен өзіндік құнын төмендетуге бағытталған прогрессивті тәсілдерді зерттейтін ғылым. Көкөніс өсіруші ғалымдар көкөніс дақылдарының жаңа, жетілген сорттарын шығарумен де шұғылданады.

Оқуға кеңес береміз:

Жеміс-жидек және көкөніс

Бір рет сатып алып, әрдайым өсіруге болатын 8 көкөніс

Жеміс-жидектер мен көкөністердің гүлдеу барысындағы көріністері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз