Өлең, жыр, ақындар

Жеміс-жидек және көкөніс

1948 жылы америкалық Джей Кордич қуық асты қатерлі ісігіне шалдығады. Дәрігерлердің “жазылуы мүмкін емес” деген ауруын Кордич балғын жеміс-жидек және көкөніс шырындарымен емдейді. Өзінің бұл әдістерін “Жеміс-жидек және көкөністердің құпия күштері” атты кітабына жинақтайды. Солардың кейбіреулері:


 

Інжір – ішектерді жұмыс істетеді, жылу береді.

Алма – бүйректерді тазартады, ас қорыту жүйесін жақсартады.

Өрік – Қан көбейтеді, тері және шашқа болымды әсері бар. Қатерлі ісік ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Банан – жүрекке және бұлшық ет жүйесіне, шаршағанға және іш өткенге өте пайдалы келеді.

Шие – минерал және витаминдер қоры.

Грейфрут – ас қорытуды жақсартады, тіс еттерінің қанауын азайтады, суық тигенге және холестеринге жақсы.

Апельсин – суық тию, тұмау, жарақат алу, жүрек және сал ауруынан сақтайды.

Мандарин - инфекциялармен күресуді жеңiлдетедi.

Жүзім – бүйректердің жұмысын жақсартып, жүрек соғысын реттейді. Бауырды тазалайды.

Қауын – ұйқысыздыққа, ішек және тері қатерлі ісігіне қарсы жақсы.

Қарбыз – бүйректі тазалайды.

Қызыл шие (черешня) – холестеринді түсіреді, сабақтары да несеп айдайды.

Алмұрт – жүрек және қан тамырының саулығын және физикалық жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады.

Қызыл бұрыш – шаштарға, тырнақтарға және теріге өте жақсы.  

Брокколи – асқазан және өңештің қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады.

Капуста – қартаюды кешіктіреді және терінің саулығын жақсартады.

Сәбіз – күш-қуат береді. Бауырдың өт сұйықтығын бөлуіне және холестериннің реттелуіне көмектеседі.

Қияр – бұлшық етті жасартады, тері жасушаларына иілгіштік қасиет береді.

Сарымсақ – қан қысымын төмендетеді, қанның ұйып қалуын азайтады. Асқазанның қатерлі ісігіне қарсы жақсы, иммунитет жүйесін күшейтетіні анықталған.

Шпинат – бауырды, лимфа бездерін және қан айналым жүйесін реттейді.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз