Вирустар — клеткадан тыс тіршілік ететін микроскопиялық ең кішкентай тіршілік иесі. Вирусты алғашқы ашқан Д. И. Ивановский, ол 1892 ж. темекінің жапырағының мозаика ауруының қоздырғышын зерттеу барысында, оның бактериялар өте алмайтын сүзгіден өтетінін байқаған. Осы қасиетіне байланысты вирус алғашында улы сұйықтықтың сүзгісінен өткіш деген атауға ие болды. Голландиялық микробиолог М. Бейеринк 1898 ж. Д. И. Ивановскийдің тәжірибесін қайталап, ол да осындай нэтиже алды, осы темекінің мозаика ауруының қоздырғышына ол «сүзгіден өткіш вирусты сұйықтық» деп атау берді. Сол кездерде ірі қара малының аусыл ауруының вирусты қоздырғышы (Ф. Лефлер и П. Фрош, 1898) ғылыми түрде анықталды, ал 1901 жылы У. Рид сонау А. Пастер кезінен қалыптасқан жүқтырғыш аурулардың қоздырғышын вирус деп атау қалыптасқан дәстүрмен сары безгегінің қоздырғышын жай вирус (лат. сөзі virus — у) деп атады. Балапан эмбрионына вирустарды енгізу тэсілі 1931 жылы ашылғаннан кейін зертханаларда осы вирустарды тәжірибе мақсатында пайдалануға кең жол ашылып, вирустардың құрылысы зерттеле басталды.
Қазіргі уақытта өсімдіктер мен жануарлардың барлық жүйедегі топтарының (микоплазмалардың, бактериялардың, жапырақты өсімдіктердің, қарапайымдылардың, гельминттердің, жәндіктердің, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың, қүстардың, сүтқоректілердің) вирустары анықталды. Сонымен қатар адамнан бөлініп алынған көптеген вирустар да анықталды. Қорыта айтқанда, вирустар барлық жерде кездеседі.
Зертханаларда вирустарды тауықтың эмбриондарына, соматикалық клеткаларына, отауланып жапсырылған терінің бөлігіне және ауыстырылған дене мүшелеріне, сонымен бірге ауруға бейім жануарларға қолдан салып зерттеледі. Айта кету керек, олар бактериялар мен соматикалық клеткалар өсірілетін қоректік ортада дамымайды және басқа барлық организмдерден осы қасиетімен ерекшеленеді.
Вирустар өз бетінше бос кеңістікте көбейе алмайды. Олардың көбеюі тек қана клетка ішінде ғана мүмкін. Сонымен бірге олар клеткаға енген соң, паразиттік күйге көшіп, клетка ішінде паразиттік өмір сүріп, организмдерді ауруға ұшыратады. Сонымен, вирустар екі: клеткадан тысқары, яғни тыныштық күйде жэне клетка ішінде, яғни көбеюге көшкен күйде болады.
Жалпы вирустар өте майда микроскопиялық жиынтық болып келеді, құрылымы белоктар мен амин қышқылдарынан тұратын вирустық ұйымдасқан бөлшектер, олар — вирустық денешіктерден, вириондардан, вироспоралардан немесе аминкапсидтардан тұрады. Вирустық бөлшектердің түрқы 15-18 нм-ден 300-350 нм-ге дейін жетеді. Оларды тек электронды микроскоп арқылы көруге болады. Тек қана шешек (қорасан) ауруының және басқа үлкен вирустарды арнайы жарық өткізгіштігі жоғары микроскоппен көруге болады. Жеке дара вирустардың немесе кейбір түрлеріщң сұлбасы әртүрлі (дөңгелек, таяқтәрізді немесе басқаша түрдегі) болып келеді, қүрылысы белоктық қабықтан (капсидтен) тұрады, оның ішінде амин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) болады.
Вирустық капсид бірнеше қабатты полипептидті тізбектен (эртүрлі белоктар) тұрады. Кейбір вирустардың капсидтерінің сырты арнайы вирусты күрделі белокты (гликопротеидті) жарғақшамен қапталған және клетка-иесінің плазмалық липидті жарғақшасына ұқсас екі қабатты қабығы бар липидтен тұрады. Осы вирустың жарғақшасын супер-капсид деп атайды.
Капсидтің негізгі қызметі вирустың геномын (амин қышқылдарын) зақымдаудан сақтайды, сонымен бірге зақымдайтын клеткаға вирустың бөлшегінің енуіне көмектесетін рецепторларда болады. Вирустардың ішкі құрлымы геномнан немесе вирустық хромосомалардан, ал оның өзі әртүрлі сұлбадағы ДНҚ-нан немесе РНҚ-ы бар бірнеше гендерден қүралған. Мысалы, МІЗ және ХІ74 бактерия вирусының геномы ДНҚ-ның бір тізбекті дөңгелек молекуласынан, ал ірі қара малдың, шошқаның, мысықтың, егеуқұйрықтың және басқа жануарлардың парвовирустары ДНҚ-ның біртізбелі жазықтықтағы молекулаларынан тұрады. Полиомның және SV40 вирустарының геномы ДНҚ-ның екітізбекті дөңгелек молекуласынан, ал аденовирустың геномы ДНҚ-ның екітізбекті дөңгелек молекуласының тізбесінің 5-тармағының ұшына коваленті жалғасқан белоктан, шешектің вирусы болса, ДНҚ екітізбегінің ұшына коваленті «тігілген» фосфодиэфирлі байланыстан тұрады.
Темекі жапырағының эшекейлі (мозаилық) ауруының, полимелит және басқа бактериялық вирустардың геномдары РНҚ біртізбегінен, ал реовирустың геномы зақымдалған клетканың Көбеюші-РНҚ екітізбегінің бірнеше сатысынан, яғни: адсорбциядан жэне вирустың клеткаға енуінен, вирустың нуклеин қышқылдарының репликациясына қажетті вирусты белоктардың синтезінен, нуклеин қышқылының репликациясынан, капсид белогының синтезінен, вирустардың жинақталуы жэне клеткадан «дайын болған» вирус бөлшектерінің пайда болу сияқты сатылары болады.
Құрамы ДНҚ-нан тұратын вирус репликацияға (капсидтің ішіндегі) қажетті өзінің ферментерінің немесе олардың вирусты нуклеин қышқылының репликациясына қажетті вирустық ферменттерінің синтезі туралы ақпарат геномда сақталған. Осы ферменттердің саны вирустардың пайдалануында әртүрлі. Мысалы, Т4 бактериалды вирустың геномында шамамен 30-ға жуық вирустың ферментінің синтезі туралы ақпарат сақталған. Одан әрі ірі вирустардың геномдарында зақымдалушы-клетканың ДНҚ бұзатын нуклеаза туралы ақпарат, РНҚ-полимеразасының клеткасына әсер ететін белоктар, осылармен «өңделген» РНҚ-полимеразасы жұқпалы вирус кезінің әртүрлі сатысында әртүрлі вирустардың гендерін тасымалдауын туғызады. Керісінше, құрамында ДНҚ шағын тұрқы бар вирустар гендерінің саны зақымдалушы-клеткалардың ферментерімен байланысты. Мысалы, аденовирустың ДНҚ синтезі клетка ферменттері арқылы жүреді.
Құрамында ДНҚ бар вирустардың репликациясы зақымдалушы-клеткалардың белоктарындағы, хромосомаларындағы О-тармағынан басталады, олар вирустың және клетка ферменттерінің репликациясын өзіне «тартады». Кейбір құрамында РНҚ бар вирустардың геномында транскриптазаға (кері транскриптаза) тәуелді РНҚ ақпарат сақталған. Сондықтан құрамында РНҚ-ы бар вирустар геномдарының репликациясы өздерінің кері транскриптазасын жылдамдатады, сөйтіп зақымдалушы-клетканың әрбір репликациясы капсидте жинақталады. Осындай құрамында РНҚ бар вирустар қайта оралған вирустар (ретровирустар) (лат. сөзі retro — қайта оралу) деген атқа ие болды.
Ретровирустың нақты мысалына тауықтың Раус саркомасының вирусы жатады. Ретровирусқа адамның қабылдаған имунитеті жетіспеушілігі синдромының (СПИД) имунитеті жетіспеушілігі вирусы (ВИЧ) жатады. Бірақ полимелит ауруының вирусы мРНҚ-нан тұрады. Вирустарды жүйелеу өте қиын жэне көбіне, қарама-қайшы болып келеді. Соған қарамастан ДНҚ және РНҚ бар вирустарды жеке тұқымдасқа жіктейді. Мысалы, жануарлардың ДНҚ бар вирустар: парвовирустар (егеуқұйрықтың, мысықтың және б. жануарлардың вирустары), паповавирустар (адамның сүйелінің вирусы, жалпы және б.), аденовирустар (адамның тамақ және көз ауруларының вирустары, сүтқоректілердің вирустары), поксвирустар (адамның және жануарлардың шешек ауруының вирустары), ұшық вирустары (ұшық вирустары, адамның күйдіргі ауруының вирусы, қүстардың тыныс алу жолдарының жэне т.б. вирустары), иридовирустар (шошқаның шешек ауруының вирусы, шошқаның африкалық оба және т.б. ауруларының вирустары) сияқты тұқымдасқа жүйеленеді.
Жануарлардың РНҚ бар вирустар: пикорнавирустар (адамның риновирустары, адамның полиомиелит вирусы, жануарлардың полиовирусы, жануарлардың аусыл ауруының вирусы және т.б.), реовирустар (тауықтың тендосиновит ауруының вирусы және т.б.), миксовирустар (адамның тұмау, қызылша, құтыру ауруларының вирустары, жыртқыш андардың құтыру және т.б. вирустары), арбовирустар (кене және жапон энцефалитінің вирустары, адамның сары безгек жэне т.б. вирустары) сияқты тұқымдасқа жүйеленеді. Осындай жүйелеу өсімдіктер вирустарында да болады, ал жойғыштарға (фагтар) келсек, олар қандай бактериямен жоятына байланысты. Мысалы, ішек жойғыштары — олар ішектегі бактерияларды ерітіп жояды, дизентерия жойғыштары — олар ішектегі дизентерия бактерияларын ерітіп жоятындар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі