Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы — 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Қайрат Рысқұлбеков 1966жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1973-81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылында С. Шәкіров атындағы мектеп-интернатта 8 жылдық білім алады. 1981-83 жылдары Бірлік ауылындағы орта мектепті бітіреді. 1984-86 жылдары Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтейді.
1986 жылы әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түседі. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысады. Бірақ көтеріліс жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында Ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Қайратты қамауға алады. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғандай, тергеушілер неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді. Қазақ КСР-сы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков ең жоғары жаза (өлім)-ату жазасына бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері КОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтың жазасын жеңілдету туралы өтініш жолдады. Кейінен ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.
Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 21 ақпандағы шешімімен ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі