Август (Гай Юлий Цезарь Октавиан ) - Римнің алғашқы императоры — Тарих бөліміндегі материал.
Материал — Август, Гай Юлий Цезарь Октавиан Augustus, Император, Рим — осы тақырыптарға байланысты.
Август- Рим ипериясын б.з.д. 27 – б.з. 14 жылға дейін, яғни өмірінің соңына дейін басқарған алғашқы император. Толық есімі – Гай Юлий Цезарь Октавиан Август.
Билікке қайсар мінезінің арқасында қол жеткізді. Елді өте сақтықпен биледі. Ол Римнің қаржы саласына, салық төлеу жүйесіне реформалар енгізді.

Август ысырапшылық, некесіздік, жарының көзіне шөп салу сияқты теріс қылықтардың жолын кесуге бағытталған қатал заңдар шығарып, көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер жасайтын заңдар қабылдады.
Ол империяға қатысты әрбір іске барынша мән беріп, әрбір іске білек сыбана кірісті. Империяның шет аймақтарын қорғау үшін әскер жасақтап, әскери теңіз флотын құрды.

Рим картасы
Август ақылды, тез шешім қабылдайтын және көреген саясаткер болды. Ол – ежелгі қатал да таза әдет-ғұрыпты қайта тірілткен билеуші. Өзінің шексіз билігін ақылмен басқарды. Қанқұйлы соғыстардан көз ашпаған елін әлемнің барлық игілігіне бөлеп, бақытқа кенелтті.
Ол өз есімін тұтас бір дәуірге берді, яғни бүтін бір айдың аты оның есімімен “Август” (Тамыз) деп аталады.
Август билік еткен заман тарихта "Рим поэзиясының алтын ғасыры" ретінде белгілі. Ол Вергилий мен Гораций сияқты ақындарды қашанда желеп-жебеп жүрді.
Август б.з. 14 жылы Нола деген жердегі әкесінің шағын ғана ескі үйінде жатып қайтыс болды. Оның денесі Римге жеткізіліп, сол жерде жерленді. Ал қолданған заттары мен киімдері өзінің кесенесіне қойылды.
Бұл бетте Август (Гай Юлий Цезарь Октавиан ) - Римнің алғашқы императоры тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тарих бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Август (Гай Юлий Цезарь Октавиан ) - Римнің алғашқы императоры материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Закирова Бибінұр
Сіздерге пікір жазу қиын бәрі керемет сіздерге рахмет
Нұлан
Римдіктердің жасаған мүсіндеріне таң қаламын, ондай мүсін жасағандар жәй адамдар емес, біздің қазекеңдердің жасағанын көрсең көзіңнен қан ағады