Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)
Ерлік пен елдіктің, азаттық пен бостандықтың жыршысы, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы Батыс Қазақстан облысы Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы Бекетай деген жерде дүниеге келген. Әкесі Өтеміс би болған.
Махамбет бала күнінен ержүрек, балуан, құралайды көзге атқан мерген, шебер домбырашы, көмейінен жыр төгілген ақын болып өседі. Ел ішінде мұсылманша хат танып, араб, парсы және орыс тілдерін меңгереді. Ол күйші де болған. Махамбеттің күйлерін халық әлі күнге сүйсініп тыңдайды.
Махамбеттің сан қырлы талантын байқаған Жәңгір хан оны өз баласына тәрбиеші етпек болады. Бірақ хан ордасындағы әділетсіздікке ақын жүрегі көнбейді. Хан алдында ақиқатты айтудан танбайды. Оның соны Исатай-Махамбет бастаған көтерілістке ұласады. Махамбет — сол көтерілістің рухани көсемі, шежіре жыршысы.
Махамбет өлендері — ерлік жігерге, әділеттілікке, еркіндік пен азаттыққа толы, батырлық пен батылдықтың символы іспеттес.
Ереуіл атқа ер салмай...
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала,
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?
Оқуға кеңес береміз:
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Махамбет Өтемісұлының нақыл сөздері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі