Директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары
Абдалиева Гүлсім Нұржанқызы, тарих пәні мұғалімі.
Әртүрлі өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердермен бірге біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіруде. Алматы қаласы Алатау ауданы №151жалпы білім беретін мектепте мектеп директорының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасарлары Абдалиева Гүлсім Нұржанқызы және Таңатаров Назар Ғазизбекұлымен биылғы 2021-2022 оқу жылында келген жас мамандармен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында Гүлсім Нұржанқызы ең өзекті деген басты мәселелерді баяндама арқылы айшықтап атап өтті. Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жұмыс жоспары жоқ. 2014 жылы 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілгенін айтты. Осы іс-шараларға жауапты мектеп директорының тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Абдалиева Гүлсім Нұржанқызы стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттарымен таныстырып өтті. Мысалы:
● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;
● қоғамдық бақылау институттарын енгізу;
● мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;
● құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Осыған байланысты Назар Ғазизбекұлы №151 ЖББМте әртүрлі іс – шаралар бар екенін,оның ішінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Не жақсы,не жаман», «Жастар-жемқорлыққа қарсы», «Жемқорлық деген не? Онымен күресудің жолдары» атты сынып сағаттары мен, сыныптан тыс іс- шаралар жыл бойы қамтылып және т.б іс шаралар болатынын айтты.
Жас мамандар арасында жемқорлыққа қарсы сауалнама жүргізілді. Сауалнамада Сіз сыбайлас жемқорлық деп нені түсінесіз? Біздің мектебімізде парақорлық жағдайлары бар деп ойлайсыз ба? Егер Сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері болсаңыз, онда Сіз не істер едіңіз? т.б сұрақтар болды, жас мамандар сауалнамаға түгелдей қатысып өз ойларымен бөлісті.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады» - деп жастарымызды қазірден бастап мемлекетімізге адал қызмет етуге және де мемлекетіміздің көркейіп өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды, және өз үлестерін қосады деп сенеміз.
Құрметті ұстаздар сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі