Өлең, жыр, ақындар

Европа елдерінің баспасөзі

ХV ғасырдың аяғында Европаның батысында ұлттық негізде орталықтанған бірқатар мемлекеттердің пайда болғанын бәріміз білеміз. Олардың қатарын Англия, Франция, Испания және Португалия кірген. Мемлекеттердің аумағы өскен сайын шенеуніктік қызметтері де арта берген. Қоғамда капиталдың орны арта бастады. Сонымен қоса, жаңа экономикалық қатынастардың дамуына байланысты өндіргіш күштер де дами бастады. Сауданың көлемі ұлғая бастаған болатын. Европада ішкі сауда шапшаң дамыды. Өмірге қажетті барлық өнімдер өндіріле бастады. Алыс елдерге сауда жасау үшін саудагерлерге тиімді банк жүйесі қалыптаса бастады.

Монархиялық жағдай экономикаға араласты. Капитал күші қоғамдық қатынас құралына айналды. 1640-1660 жылдардағы ағылшын революциясы феодализмге өте үлкен соққы болды. Елде монархия және екі палаталы парламенттік басқару жүйесі орнады. Еуропа елдерінде журналистика пайда болғанға дейін ақпараттар әртүрлі тәсілдермен тараған болатын. Ақпарат таратуда діни уағыздаушылар мен шешендер маңызды болды. XVI ғасырда Англияда арнайы агенттіктер пайда болып, жаңалықтарды жинастырып, басып, сата бастаған. Сонымен жайлап журналистиканың пайда болуына жол ашылды. Сауда дамып, білімді адамдар көбейіп, қағаз шығару өндірісі дүниеге келді. Негізінен, баспасөз тарихын зерттеушілердің арасында алғашқы газет әлем бойынша «Германияда» жарық көрген деген пікір бар. Ағылшын баспасөзінің дамуына 1637 жылы I Карлдың цензура туралы заң шығаруы тосқауыл болған. Ағылшын революциясы кезінде баспасөздің дәуірі жүре бастады. Халық жаңалықтарды үзбей оқуға тырысты. Газеттердің тиражы өсті.

Революцияға дейін газеттер тек сауда-саттық жайын жазса, революция кезінде газеттер саяси күрестің бағыт - бағдар берушісі болды десек те қателеспейміз. Памфлеттер – бұл кезеңде журналистиканың негізгі формасы болып саналды. Журналистика ағылшын қоғамында өте қуатты күшке айналды. Ағылшын революциясы кезінде Дж.Мильтон, Дж.Лильберн, Дж.Уинстенли секілді тамаша публицистер көбейе бастады. 1660 жылы Ұлыбританияда болған монархиялық биліктің қайта орнауы баспасөзге үлкен өзгеріс әкелді. Үкімет газеттерді өз қарамағынан шығармай ұстады. Биліктегілердің рұқсатымен «Интеллидженер» және «Ньюс» газеттері ғана шығып тұрды. Газеттерді шығарушылар роялист Роджер Л. Эстранж болды. Кейін корольдің айтуы бойынша Оксфорд баспагері Леонард Литчфилд  «Оксфорд газетін» ұйымдастырған болатын. Бұл газет бірінші Оксфордта, одан кейін Лондонда шығарылып «Лондон газеті» деп аталды. Бұл газет қазіргі күнге дейін шығарылып келеді. ХVІІ ғасырдың екінші жартысында Англияда сатиралық баспасөз қалыптаса бастады. Англиядағы алғашқы журнал «Философиялық еңбектер» деген атпен 1665 жылы жарық көрді. Мұнда ғылыми сипаттағы мақалалар жарық көрді. Жалпы ағылшын баспасөзінің тарихын бес кезеңге бөліп қарастырамыз:

І кезең 1620-1785 жылдар аралығында өткен кезең – мерзімді баспасөздің қалыптасу кезеңі болды. Бұл кезең жаңалық кітапшалардың дүниеге келуімен ерекшеленді. 1655 жылы «Оксфорд газет» жарық көрді. Содан кейін, 1702 жылы «Дейли курант» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді.

ІІ кезең 1785-1866 жылдар – «Таймс» газетінің  дүниеге келуімен ерекшеленді. Осы газетпен бірге  «Дейли ньюс», «Дейли телеграф», «Морнинг пост» газеттері де жарық көрді.

ІІІ кезең 1896-1920 жылдар – басты ерекшелігі «тиындық газеттердің» пайда болуы. Бұл газеттер төменгі топтың сауатын ашуға арналды. Бульварлық типтегі басылым «Дейли Мейл»  жарық көрді. Шығарушысы Альфред Хармворс.

ІV кезең 1920-1950 жылдары монополистік топтар пайда болды. Газет-журналдардың  негізі қаланды десек те болады.

V кезең – 50 жылдардың ортасынан бастау алған болатын. Сол жылдары газет ісінде қайта өрлеу процесі байқала бастады. Ғылыми-техникалық революция баспасөз ісіне енді. Халықтың білім дәрежесі өсті. Газет шығару ісіне ауқатты адамдар  араласа бастады. Осы тұста бірнеше баспалар бірігіп, банктегі қаржыларын қосып, топтала бастады.

Ғылыми жетекшісі: Майкотова Ғ. Т.,ф.ғ.к., доцент.
Аға оқытушы: Әлім Ә,.А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз