Өлең, жыр, ақындар

Нелли Ким (спорттық гимнастика)

КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның, Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы, 1978, 1979 жылдардағы әлем жеңімпазы, XXI және XXII Олиммпиадалардың жеңімпазы.

Ептілік пен қимыл арқылы әсемдікті көрсететін спорт түрі бар. Ол — гимнастика. Нелли Шымкент өңірінде дүниеге келген. Үшінші сыныптан бастап гимнастикамен айналысқан. Ол бойындағы табиғи дарынымен ерекшеленді. Екі жылдан соң Нелли спорт шебері бағдарламасы бойынша жарысқа түсті. КСРО халықтары Спартакиадасында алтын алқа тақты. Монреальда үш алтын алқаға ие болды: командалық біріншілік, еркін жаттығулар және секіру. Көпсайыстан күміс алқа алды. Мәскеуде топтық біріншілікте және еркін жаттығуда екі алтын алқаны иемденді. Нелли Ким — әлем спортының жарық жұлдызы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз