Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Африкадағы араб елдерінде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Ең алдымен олардың халықтары соғыс салдарын басынан кешіріп, әлемдегі жағдайлармен таныс болды. Әскер қатарында болғандар өз елдеріне қайтып келіп, саяси өмірге араласты. Солардың қатысуымен соғыс бітісімен іле-шала Алжирде, Тунисте, Мароккода тәуелсіздікке жету талаптары қайта жанданды. Мысыр халқы шетел әскерлерін елден шығаруға тырысты. Бірақ отаршылдар бұрынғы үстемдігін сақтап қалуға барлык күштерін жұмсады. 1945 жылы мамыр-маусым айларында Алжирдегі француз әкімшілігі шеруге шыққан арабтарды оқ астына алып, 40 мыңдай адамды қырып салды. Мысырда 1946 жылы халық тығыз орналасқан Дельта ауданында, Суэц каналы бойында толқулар мен кқрулы қозғалыстар басталып, ағылшын әскери бөлімшелері мен мәлік полициясы оларды басып тастады. Сөйтіп, бұл аймақта араб халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының жаңа кезеңі басталды.
Мысыр елін билеп келген феодалдық және компрадорлық буржуазия топтары ағылшындардың сенімді тірегі болған еді. Олар халықпен санасуды ойламады. Араб феллахтары мен жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы нашарлай түсті. Шетел капиталы 380 акционерлік қоғамға қожалық жасаса, мысырлық капитал тек 20-сын иеленді. Мысыр ұлттық буржуазиясы оған қарсылық білдірді. Саны 1 миллионға жеткен жұмысшылар 1946 жылы қаңтарда тұрмысын жақсартуды талап еткен ереуілдерге шыққанды, оны үкімет күшпен басқан болатын. Оған қарамастан толқулар тоқтамады. Ақпанның ортасында Нукраши үкіметі қызметтен кетіп, оның орнына қатал саясаткер И. Сидки үкіметі келді. 21 ақпанда елде жаппай ереуілдер ұйымдастырылды. Ірі қалаларда Мысыр полициясы мен әскеріне ағылшындар көмектесіп, оларды басып тастады. Сидки Англиямен келіссөз жүргізгенімен халык қолдамады. Үкімет ауысып, Нукраши қайта билікті қолына алып, Англиямен жаңа келіссөздерге кіріскен еді. Одан ешқандай нәтиже шықпаған соң, мәселені БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тапсырған. Ол да бір шешімге келе алмады.
1947-1948 жылдары Мысырдағы толқулар басылмады. Тек Израильмен соғыс басталғанда олар бәсеңси түскен. Ол соғыс 1948 жылы 15 мамырдан 1949 жылы бас кезіне дейін созылып, араб армиялары жеңіліс тапты. Мәлік өкіметін әшкерелеуге бүкіл қоғам қатысып, армия арасында «Ерікті офицерлер» ұйымы астыртын қызметін ұлғайтты. Дағдарыстан шығу жолын іздеген үкімет 1950 жылы каңтарда парламент сайлауьш өткізді. Жеңіске Уафд партиясы жетіп, оның жетекшісі Наххас құрған үкімет жұмысшылар жалақысын біраз көбейтіп, абақтыда отырғандарды босатуға үкім шыгарған. Соған қарамастан қалаларда, махаллаларда ереуілдер тоқтамады. Олар экономикалық талаптармен бірге ағылшындардың үстемдігін жоюды максат етті. Парламент халық қаһарынан қорқып, 1951 жылы 15 қазанда «Орташығыстық командование» тобына кіруден бас тартты және 1936 жылғы ағылшын-мысыр шартын денонсациялау (мойындамау) туралы заң қабылдады. Оған қоса 1899 жылғы Судан туралы келісімнен де бас тартып, Суданды Мысырдың бөлінбес кұрамы деп жариялады.
Бұл шешімдерді колдаған халыққа қарсы ағылшындар қару жұмсап, қазан айында 500-ге жуық мысырлықтар оққа ұшты және жарақаттанды. 1952 жылы қаңтарда Каирдегі шетелдік кеңселер, фирмалар, сауда орталықтары өртелді. Мөлік II Фарук үкімет басына Әли Махирді шақырған. Ол ереуілшілерге қарсы әскерлерді айдап салу, жазалау, ату әдістеріне көшті.
Елдегі шиеленіс өршіп тұрғанда «Ерікті офицерлер» армияға сүйеніп, 1952 жылы 23 шілдеде төңкеріс ұйымдастырды. Шілде айының ыстығында Мысыр «мықтылары» астананы тастап, Жерорта теңізі жағалауында аунап-қунап жатқанды. Ел тағдыры бір түн ішінде өзгерді. Батыс елдерін күдіктендірмеу үшін «Ерікті офицерлер» жетекшілері Г. А.Насыр, З.Мұхид-Дін, А.Х.ӘмІр, А.Сабри, А.Садат, т.б. үкімет басына Әли Махирді қойып, АҚШ, Англия елшіліктеріне хабар береді. Батыс елдері оған жеткілікті мән бермей, бірден басып тастауға ұмтылмады. Үш күн өткен соң мәлік орнынан бас тартып, тағын жас ұлына беруге келісіп, шетелге (Италияға) көшіп кетті. Бұл шараларды бұкдра халық құптап, қуана қарсы алды. Шынында Фарук II шарапқа, әйелдерге, карта ойынына (бриджге) құмар болып, елдің өмірімен жөнді айналыспағанды.
Теңкерістен кейін болған езгерістер оны революция дәрежесіне жеткізді. Ол антиимпериалистік және антифеодалдық сипатта болды. Саяси полиция таратылып, өкімет орындарын парақорлардан тазарту шарасы қолға алынды. Мысыр шаруалары армандаған аграрлық реформалар басталды (1952 жылы 9 қыркүйек). Бұл бүкіл араб шығысындағы феодалдық қатынастардың негізін шайқалтатын өзгеріс еді. Әр шаруашылық пайдаланатын жер көлемі 200 фелданнан аспауын бекітіп (1 феддан — 0,42 га), жаддамалы жерге төленетін ақы кемітілді. Феллахтар кооперативтері пайда болды.
1953 жылы қаңтарда ескі саяси партиялар таратылып, олардың мүліктері тәркіленді. Тек Азат ету ұйымына ғана қызмет жүргізуге рұқсат берілді. Ағылшындармен Судан мәселесі қарастырылып, ол елге өз тағдырын өзі шешетін құқық беру туралы келісім жасалды. «Ерікті офицерлер» алғашында көпшілікке жақсы таныс генерал Мұх Набибті ел басқаруга шақырған. Ол мәлік саясатына келіспестік білдіріп, Палестина соғысынан кейін әскери қызметтен кетіп қалған болатын. Алғашқы қадамдарымен революциялық талаптарды шектеуді ойластырған либерал-буржуазия Нагиб төңірегіне топтасып, билікті өз қолдарына алмақ болған. Ол топ «мұсылман-бауырлары» мен Уафд партиясына сүйенген еді. 1954 жылы қаңтарда Каирде оларды жақтаушылар жаңа үкімет бағытына қарсы әрекеттер жасады. Сол жылы қазанда Г.А.Насырға қастандық ұйымдастырып, өлтірмек болғаннан кейін «мұсылман-бауырлары» қоғамы жабылып, оның мүшелері жауапқа тартылды. Ал Нагиб пен Насыр топтары арасындағы тартыс 1954 жылы 18 қарашада Нагибті биліктен кетіріп, президент орнына Насырды қоюмен аяқталды. Сөйтіп, революциялық өзгерістер жалгасын тапқан еді. 1956 жылы Гсшал Абд ән-Насыр Мысыр президенті боп сайланды.
1953 жылы ақпанда Мысыр мен АҚШ «техникалык көмек көрсету» туралы келісім жасасты. Нагиб кезінде-ақ ағылшын-мысыр келісімге жетіп (1954 жылы 19 қазан), елде Ұлыбритания әскерлері шығарыла бастаған. Ақырғы әскери тобы Мысырдан 1956 жылы 13 маусымда кетті. Ол күн елде мейрамға айналып, салтанатты түрде аталып өтеді. Бұл үлкен жеңіске жету үшін революциялық үкімет батыл қимылдар жасаған. Сол жылдары ел басшылары ауыл шаруашылығын дамыту жолдарын қарастырып, Ніл өзенін бұғаулап, су қоймасын жасау жоспарына тоқталды. Тоспа жасап, су қоймаға арық суын жинау арқылы жыл бойы дәнді-дақылдарды, мақтаны сумен қамтамасыз ету мүмкін еді. Оған қоса ол құрылыста өте қуатты су әлектр станциясын салу да ойластырылған.
Асуан тоспасы алып құрылыс еді. Оған пайдаланылатын бетон мен құм-тастар 30 Хеопс пирамидасына жетерліктей болған. Қаржы шығыны 1,3 млрд долларға тең еді. Ондай кұрылысты жүзеге асыруға Мысырдың шамасы болмағандықтан, шетелдерден көмек сұрады. Батыс елдері әуелі бұл жоспарды қолдап, қаржы, техника, инженерлер беріп, кұрылыс жобасын жасауды өз мойындарына алуға келіскен еді. Бірақ 1955-1956 жылдар арасында одан айнып, көмек көрсетуден бас тартқан. Себебі Мысыр жағы армиясын қаруландыру мақсатымен АҚШ-тан, Англиядан, Франциядан қару-жарақ сатуды өтінген. Батыс мемлекеттері оған келіспеді. Мысырға жеткізілген қару Израильге қауіп төндіруі мүмкін еді және сол кезде көтеріліске шыққан Алжир күрескерлерінің қолына тиюі де ықтимал еді. 1955 жылы сәуірде Индонезияның Бандунг қаласыңда Азия және Африка тәуелсіз мемлекеттерінің жетекшілері жиналып, дүниежүзілік мәселелерін қарастырады. Сол жиында Мысыр мен Қытай басшылары кездесіп, Чжоу Эньлай Насырга қаруды Кеңес Одагы беруге дайын екенін хабарлайды.
Соған орай келіссөздер басталып, 1955 жылы қыркүйекте Мысыр-Чехословакия, Мысыр-Герман Демократиялык Республикасы араларында келісімдерге қол қойылған. Екі социалистік елдер Мысырға қару сатып, өздері одан мақта сатып алуға келіседі.
Бұл сауда келісімдері деп аталғанымен, оның саяси мәнін Батыс елдері бірден түсініп, Мысырды одан бас тартқызу үшін қыспаққа ала бастады. Насыр үкіметі алған беттен қайтпайды. Сонда АҚШ, Англия, халықаралық қаржы ұйымдары мен банктер Асуан тоспасын салуға көмек бермеу туралы шешім шығарады. Жағдайдың осындай болатынын болжаған Мысыр басшылары алдын ала оның да жауабын дайындап қойған болатын. 1956 жылы 26 шілдеде Суэц каналының компаниясы мемлекет меншігіне айналдырылды.
Суэц каналы 1869 жылы салынған. Оны басқаратын компанияның көпшілік акцияларын Мысыр билеушілері иеленді. Кейін қарызға батып, акциялары шетел капиталистеріне өтіп кеткендіктен, ел негізгі байлық көзінің бірінен айырылады. 1950 жылы каналдан 60 млн фунт стерлинг пайда түссе, оның тек 1 млн ф. ст. Мысырға тиіп, қалғаны ағылшын-француз-бельгиялық акционерлер қалтасына кеткен. Міне, сол каналды Мысыр үкіметі елге қайтарған еді. Батыс елдері аласұрып, компанияны иелеріне қайтару үшін әрекеттенді, қарулы күштерін шоғырландырды. Аймақтағы жағдай қатты шиеленісті. Неше түрлі жоспарлар қарастырылған халықаралық конференциялар да шақырылды. Мысыр қимылы социалистік елдерден және көптеген жас мемлекеттерден қолдау тапты.
Отаршылдар Мысырды да, басқаларды да қорқытып қою үшін әскери шабуылға шықты. 30 қазанда Израиль армиясы Синай түбегіне еніп, канал бойына жетті. Батыс елдерінің кемелеріне қауіп төнді, олар Мысырдың және Израильдің қарулы күштері 16 км жерге дейін шегінсін деген ұсыныс жасады. Оны Мысыр қабылдамады. Енді Мысырға қарсы соғысты Англия мен Франция жүргізіп, үштік агрессия осылай басталды.
Мысыр халқы мен үкіметі батылдық білдіріп, жауға тойтарыс берді. Әлем жұрты отаршылдарды әшкереледі. Кеңес Одағы тіпті соғысқа қатысуға дейін баратынын мәлімдеді. АҚШ үкіметі де одақтастарының әрекетін қоштамады. Масқара болған үш ел 1956 жылы 7 қарашада соғысты тоқтатып, Мысыр жерінен әскерлерін алып кетуге мәжбүр болды.
Шабуыл және оның нәтижесі бұрынғы отаршыл елдердің мәнін әбден төмендетіп жіберді. Енді олардың орнын АҚШ иелене бастады. Араб шығысындағы ұлт-азаттық қозғалыс одан әрі өршіп, Африканың солтүстігіндегі және тропикалық аймақтарындағы халықтардың бостандыққа жетуіне айтарлықтай көмектесті.
Бұдан кейін Мысыр және Насыр беделі жоғарылай түсті. Араб елдерінің бірлігі және олардағы антифеодалдық, антиимпериалистік өзгерістер жедел қарқын алды. 1957-1958 жылдары Таяу Шығыста бірнеше оқиғалар орын алып, олар қаншама шиеленістік жағдайға ұласса да, арабтардың пайдасына шешілген еді. («Эйзенхауэр доктринасы», Ливан мен Ирактың дамуы алдыңғы бөлімде айтылған). Тек Сирия мен Мысыр бірлесуі оң нәтиже бермеді, соған қарамастан ол көпшілікке сабақ болды: бірігу мәселесін өте ұқыпты ойластыру қажеттігін көрсетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі