Тәуелсіз еліммен мақтанамын! — Тақпақтар бөліміндегі материал.
Материал — тәуелсіздік, өлеңдер, тәуелсіздік туралы өлең — осы тақырыптарға байланысты.
Зинелова Нұрай Нұрлыбекқызы
Тәуелсіз еліммен мақтанамын!
Тәуелсіздік еді көптің қалауы,
Жастық шақтың жалындады алауы.
Ағалар мен апалардың ерлігі-
Еркіндіктің желбіреген жалауы!
Биік болсын шаңырағың күмбезді,
Дарытпасын Алла саған тіл-көзді.
Осы менің азат елім айбынды,
Татулықтың тасын өрге жүргізді.
Береке мен бірлік болған ұраның,
Мен осындай азат елде тұрамын.
Бақыттымын деп санаймын өзімді,
Арналады азат елге жыр-әнім.
Сондықтан да көтеріңкі көңілім,
Гүлге оранып құлпырады өмірім.
Елін сүйер ерлеріміз көп болып,
Тәуелсіздік ұзақ болсын өмірің.
Тәуелсіз еліммен мақтанамын! материалы Тақпақтар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Бұл бетте Тәуелсіз еліммен мақтанамын! тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тақпақтар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі