Сасық меңдуана (дурман обыкновенный, Datura stramonium L.) — бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Биіктігі 1 метрден асады. Сабағының сырты тегіс, іші қуыс, тік өседі. Жапырақтарының ұштары суйір, салалы, ірі, шеттерінде ойықтары бар, сағақтары ұзын, үстіңгі жағы қою жасыл, төменгі бұтақты жерінде олар жалғыз-жалғыздан орналасқан. Гүл тәжі ұзын түтікше тәрізденіп, гүл тостағаншасынан асып тұрады. Ұрығы — ұзындығы 3-4 сантиметрлік сырты тікенді, жұмыртқа тәрізді қауашақ. Піскен кезде ішінен 500-ге жуық үлкен қара дәнектері төгіледі. Өсімдіктің бас айналдыратындай жағымсыз иісі бар.
Шілде-тамыз айларында гүлдеген кезінде жапырақтарын жинап алып кептіреді. Құрамында гиосциамин, скополамин, атропин бар. Өсімдіктің жапырағынан жасалған дәрілер жоғарғы нерв жүйелерін тыныштандырады, бронхтарды кеңейтеді, денедегі бездердің сөл бөлуін азайтады. Сасық меңдуананы көбінесе бронх демікпесін емдеу үшін пайдаланады.
Халық медицинасында сасық меңдуананы невралгияны, аяқ-қолдың тырысуын, хореяны, қояншықты, тоқтаусыз ықылық атуды емдеу үшін қолданады. Тік ішек айналып шығып кеткенде бұлау жасап отырады. Ішек қатты түйіліп ауырғанда және ревматизм ауруына да қарсы пайдаланады.
Өсімдік жапырағының ұнтақталған 20 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, мұрын арқылы 20 минут дем алады. Бұлау жасау үшін оның 20 грамын бір шелек суға салып, ваннадағы суға қосып пайдалануға болады. Спиртті тұнба: 20 грамм ұнтақ талған жапырақты 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады да, шөбін сүзіп тастап, тұнбаның 2 тамшысын 2 қасық суға тамызып күніне 4-5 рет ішеді. Кейде көпшілік арасында өзін-өзі емдеймін деп жүріп уланатындар да кездеседі. Уланған адамнын беті қызарады, көз қарашығы үлкейеді. Кісі тыпышсызданады, түсініксіз әлде нелерді айтып сөйлейді, көзіне әр түрлі нәрселер көрінгендей болады, бірте-бірте есінен айрылады. Емделген жағдайда жоғарыда айтылған белгілердін бәрі бір-екі күйде жоқ болады, бірақ көздің қарашығы бір аптаға дейін үлкейіп жүреді. Кісі бұл кезде жақындағы заттарды көре алмайды. Міне, осы жағдайларға байланысты сасық меңдуанадан жасалған дәрілерді тек дәрігердің қатаң бақылауымен ғана пайдаланған дұрыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі