Ғұмар Қарашев (1875-1921жж) – қоғам қайраткері, ойшыл ақын. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туысының қолында өсті. Сауатын ауыл молдасынан ашып, 1902 жылдан бастап ауылда балалардың зейінін ашумен айналысты. Жастайынан жаңалыққа жаны құмар болғандықтан, өз жолын ол тек мұғалімдікпен шектеп қойған жоқ. «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» газеттерін, «Мұғалім» журналын шығаруға, және олардың саяси-мәдени әлеуетін көтеруге белсенді мүшелердің бірі ретінде атсалысты. 1917-19 жылдары болған Алаш қозғалысына араласты. 1917 жылы Алашорда партиясы жарияланған Орынборда өткен жалпықазақ съезіне қатысып, соған байланысты баяндама жасады. Мақалалары ХХ ғасырдың басында газет-журналдарда шығарыла бастады. Өз еңбектерін Бөкей елінің бір баласы, Ғұмар Қараш баласы, Ғ.Қ., Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев деген есімдермен жариялап отырған. Сонымен қатар Ғабдолла Мұштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне мақалалар жазып тұрды.
Ендігі кезекте, «Қазақстан» газеті хақында ақпарат бере кетсем. Аталмыш газет 1911 жылдан 1913 жылдың шілде айына дейін Орда қаласында, 1913 жылдың аяғына дейін Орал қаласында шығарылып тұрды. Бұл газеттің ерекшелігі, оның демде тоқтатылып қалмауынан. Мысалға алар болсақ, Троицктегі «Қазақ» газеті мен Петербургтегі «Серке» газеті бір ғана санынан кейін жабылып қалған болатын, алайда осы газеттер мен «Қазақстан» газетінің ұстанымдары ұқсас болды. «Қазақстан» газеті демократиялық бағытты ұстанды. Газет бетіндегі мақалалар үш тілде, яғни қазақ, орыс, татар тілдерінде жарияланып отырды. Жалпы 18 нөмірі жарық көрді.
Ғұмар Қарашевтің осы «Қазақстан» газетіне «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1910), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген. Ақынның өмірлік мақсатының бірі – халыққа қызмет қылу еді. Тілдің сақталуына баса назар аударды. Өлең толғаулары философиялық ой-пікірге бай. Әсіресе, рухты оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген. Оған мысал ретінде, «Ойға келген пікірлерім» деген фәлсафалық еңбегінде ол ізденгісі келмейтін бір мұғалімге: «Рух туралы төрт кітап оқығаннан гөрі, Мухаммед Ғабдудың Бахра сүресі туралы тәфсірін оқығаның дұрысырақ шығар», - деп айтқанын жазады. Бұл айтқан сөзімен ол басты ислам кітаптарын оқыма деп тұрған жоқ, айтпағы канондарды таптаурын етпей, тазарту һәм тарату мәселесі.
Қорытындылар болсам, «Қазақстан» газеті тарихта Қазақстан атауын алғаш қолдануымен ерекше есте қалған газет. Бұл газеттің табылған, қолда бар 16 саны бүгінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сақтаулы тұр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс студенті Зейнуллаева Алуа Еркеновна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі