Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек

Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек — Білім, ғылым, мәдениет тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Алматыда бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

«Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

— Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

— Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

— «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

— 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

— 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бойынша басқа мақалалар 1-сынып бойынша мақалалар құжат бойынша мақалалар Қажетті құжаттар тізімі бойынша мақалалар