Өлең, жыр, ақындар

Феруза Иран

Демек ферузалы көгілдір Иран ғой. Феруза деген қасиетті асыл тас шығатын ел Иранда шамасы келген адам-ері болсын, әйелі болсын — ферузалы күміс сақина салып жүреді. Тіл-көзден, қырсықтан, кесірден сақтайды дейді. Орыстың ұлы ақыны Есенин: «Фирдоусидің көгілдір отаны» деп текке жырламаса керек. Нәсілі татар, тілі казак Сабыр Шарипов деген жазушы ертеректе «Рузи Иран» деген хикая-повесть жазып еді. Онысы «Бүгінгі Иран» дегені ғой. Мен де соларға еліктеп, бұл сапардағы очерктің атын «Феруза Иран» деп қойдым.

I. Достықтың кілті — кітап

Наурыздың қарсаңында Иран елшілігінің Қазақстандағы өкілі Әли Реза Бегдели «Егеменді Қазақстан» газетінің редакциясына келіп, газет кызметкерлері мен оқырмандарын қасиетті мерекемен құттықтады. Маған Иранға барып қайтуды ұсынды. Құдай ондағанда, Иранда дүниежүзілік кітап кермесі ашылады екен. Оған Қазақстан да қатысатын болыпты. Мен сол көрме делегациясына жолдан қосылып кеттім.

Иранға әзірше төте жол жоқ. Баяғы Мәскеу арқылы ұшатын болдық. Бұл дегеніңіз Мәскеуге төрт сағат ұшып барып, кері қайтумен бірдей. Орама жол. Мәскеуден Теһранға ұшақ аптасына бір-ақ рет қатынайды. Теһраны несі? — дерсіз. Біз орыс не айтса, соны ойсыз қабылдап, қайталай беруге дағдыланғанбыз. Тегеран емес, Теһран. Бұл жөнінде орыс Ираннан артық біле қоймас. Ал Иран Теһран дейді. Орыстар осы жерде дау соғуы мүмкін: өзің неге Москваны Мәскеу дейсің деп. Оныкі жон болады. Атау мәселесі — халықтың қабылдауына байланысты. Халық (қазақ) қаласа, Теһран десін, қаласа Тегеран десін. ЬІқтияр өзінде.

Сонымен, Мәскеудің Шеремет әуежайынан шыққан ұшақ небары үш жарым сағатта Теһранға барып қонды. Жолда Кавказ тауын, әйгілі Эльбрус пен Қазбек шындарының арасынан кесіп өттік. Мазасыз Кавказ астымызда жатты. Шама бойынша, Әзірбайжан мен Арменияны да басып өткен шығармыз. Қараңғылық түсіп кеткен кез еді...

Бұл ұшақтың өз ерекшелігі болады екен. Жолаушылар бірінші класс, екінші класс деп екіге бөлініп отырады екен. Бірінші кластың тамағы тәуірлеу, оның үстіне бірер жұтым коньяк та береді екен. Соны алып отырып Қоғабай айтады ғой: «Өстіп қоқырайып отырғанымды әкем байғұс көрмей кетті-ау» деп. Әкесі Сталинградтың түбінде қалған.

Қазақстан Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі Қуаныш Сұлтанов бастаған делегацияны ұшақ сатысында Иран Мәдениет министрінің орынбасары күтіп алды. Мәшинеге міне салып шапқылай жөнелмей, әуежайдың қонақжай залына барып, шәй ішіп, демімізді алдық. Министр Сұлтанов ирандықтарға өзінің серіктерін таныстырды. Яғни: Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан халық депутаты Қалдарбек Найманбаев; «Өнер» бас-сағатын түнде ұштыңыз», — деді. Мен айттым: «Бұл көп пе, аз ба?» «Бізге 300 сағат ұшқан ұшқыштарға бір жылғы стажымыз екі жылға саналады». «Неге?»-деймін мен. Сөйтсе, 10000-11000 биіктікте радиация 260 рентген болады екен. Жә, жұмысты көп істейміз бе — халыққа нәтижесі керек. Халықтан аянатын ештеңе жоқ. Ал театр мәселесінен ұяттымыз. Соңғы рет, ұмытпасам, былтыр күзде бардым-ау деймін. Қазақ академиялық драм-театрына. Қазір ғой, міне, сізбен отырмын. Шынымды айтсам, бүгін келініңіздің туған күні еді. Үйге ертерек қайтамын деп қойып едім...

Сұрақ. Сонымен, ертең Минскіге аттанасыз ғой?

Жауап. Иә. Мәселе күрделі. Негізгісі — Қарулы Күштер мәселесі болар. «Егеменді Қазақстанның» бұл мәселеге көзқарасын білемін. Оқып жүрмін. «Үлкен қанжар», тағы басқалары. Әрине, дұрыс. Бірақ біреуді қорқыту, үркіту үшін емес, түптеп келгенде Тәуелсіздік үшін. Сондықтан Қазақстандағы стратегиялық қарулар әзірше тұра тұрғаны жөн. Ал армия... Егер ТМД дегеніміз ғұмырлы болса, ортақ әскер керек шығар. Ал егер басқалар бас-басына әскер құрып жатса, біз де қарап қалмаспыз... «Егеменді Қазақстанның» мың-сан оқырмандарына менен көп-көп сәлем айтыңыз.

1992 жыл

* * *

Біздің Қоғабайға Иранда не жетпеді дегенде, ана күнгі ұшақтың бірінші класындағы бірер жұтым коньяк жетпеді. Мұнда аузынан арақ исі шыққан адамға жұрт алдында, аланда сексен дүре соғылады. Содан барып арамызда мынандай бір ауыз өлең туды.

Иран-бақтың елінде, Әулиеге табындым. Адамдардың бәрі сау, Мен орысты сағындым.

Бұл жағынан бәріміз орыспыз ғой. Орыстан да асып түсетін казак, аз емес. Есениннің өзі Иран туралы: «Угощает меня красным чаем вместо крепкой водки и вина», — дегендей, мұнда арақ атымен жоқ.

Ұрлық қылған, наша тартқан немесе наша таратқан адамдарға асылады. Осы заң біздің елге жетсе, адамдарымыздың көбі жапырылып қалар еді.

5-мамыр күні Көрмеде бірінші болып Қазақстан күні аталды. Кең залға жұрт кеп жиналды. Төрде Иранның көк, жасыл, ақ жолақты, қақ ортасында «Алла» деген герб жазуы бар жалауы мен біздің орақ-балғалы байрағымыз тұрды. Министр Қуаныш (Сұлтанов, Жазушылар төрағасы Қалдарбек Найманбаев сөз сөйледі.

Арасын аттатып барып айтар сөз: бірінші күні келгенде президент Рафсанджани министр Қуаныш Сұлтановты Өзбекстанның бос тұрған отауына жеке алып кіріп әңгімелесті.

Отауы тұрғанмен, Өзбекстан келмей қалды. Неге екені белгісіз. Кештетіп болса да, артынып-тартынып қырғыздар, тәжіктер, түрікмендер жетті.

— Татарстан, Башқұрстан неге жоқ, — дегенімізде, ирандықтар:

— Олар және Дағыстан әлі Ресейдің құрамында ғой, — деді. Татарстан қанша бұлқынғанмен әлі құрсаудан толық құтылған жоқ. Әйтпесе, біздің түрік халықтарының ішінде кітап шығарудың ежелгі шеберлері — татарлар. Төңкеріске дейін, одан кейін де қазақ кітаптары Қазанда басылып тұрғанын кім ұмытар.

Үш күннен кейін министр Сұлтанов ЮНЕСКО шаруасымен Парижге ұшып кетті. Екі кісімізді қалдырып, басқамыз сегізінші мамырда елге қайттық. Көрме он бесінші мамырда жабылады.

2. Әулиелер мен ақындар

Иран туралы біз не білеміз? Білсе — жеке-дара ақын-жазушылар, ғалымдар, дипломаттар білер. Ал қазір қалың көпшілік газет хабарынан асып біле бермейді.

Әйтсе де, Иран мен Туран тағдырлас. Араларында қан төгіс те, қақтығыс та болғанмен тарихта бұл екеуінің есімі көбінесе катар аталады. Иран-Иран, ал Туран — Орта Азия түріктерінің, яғни казак, өзбек, түрікмен, әзірбайжан, қарақалпақ, қырғыздардың отаны. Есіңізде ме, Мағжан:

Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен. Тұранның тағдыры бар толқымалы, Басынан көп тамаша күндер кешкен, — демеуші ме еді.

Қазан төңкерісіне дейін, біздің ата-бабаларымыз Иранды бізден көп білген. Иранның ұлы ақындарының жыр-дастандарын оқып, естіп өскен. Әріні қойып, беріде ұлы Абайдың өзі Иранның алып ақындарына табынып, олардан медет сұрамайтын ба еді. Тұрмағамбет Ізтілеу Фирдоусидің «Рүстем-Дастанын» («Шахнаме») қазақша сөйлетпеуші ме еді. Қаза берсең — қазына көп. Тек соларды компартияның кешегі «көреген көсемдері» санамыздан өшіре жаздады, өшіріп те жіберді. Арамыздағы арагідік санасы биік ақындар сол тар шеңбердің өзін бұзып, Иран поэзиясының мәңгі сөнбес жарық жұлдыздарын там-тұмдап болса да қазақшаға аударуға тырысты. Олар: Қуандық Шаңғытбай (Омар Хаям), Мұзафар Әлімбай (Сағди), Әбіраш Жәміш (Хафиз) т.б. Міне, осылардың тәржімасы мына кермеде қазақ павильонының көркі болды десек керек. Көрмеге келуші ирандықтар парсының пірлері қазақша сөйлеп тұрғанын көргенде кәдімгідей қуанып, қазаққа деген жылы сезімі ояна түскендей болды.

Аятолла Хомейнидің алып күмбезі алыстан асқақтап көрінеді. Теһраннан отыз шақырымдай жер. Асқақ күмбездер алтын түстес. Торт бұрышында төрт мұнара көтерілмек. Екеуі дайын. Енді екеуінің құрылысы жүріп жатыр. Айналасы ат шап тырым кеңістік жұмақтай баққа айналмақ. Аятолла тоқсан екі жасап, дүниеден қайтқалы небәрі үш-ақ жыл өтсе де, оған арнап мұншама орасан кесене соғу оңай шаруа емес. Сегіз жылдық иран-ирак соғысы көп күш-қуатты жұтып кеткеніне қарамай, Иран елі өзінің ұлы көсеміне бағыштап, аса қымбат, айбынды ескерткіш тұрғызып үлгеріпті.

Негізгі залға бір мезгілде бес мың адам сыйып, намаз оқи алады. Қақ ортасында алтынмен апталып, күміспен күптелген табыт — саркофаг тур. Саркофагтың айналасы пішен боп үйілген ақша. Бұл — келушілердің Аятолла кесенесін толық аяқтауға қосқан жылуы. Мен ЬІстамбұлдағы Айя-София жәмиін, Каирдағы Әл-Асхар мешітін, Анкарада Хожатөбе жәмиін көрдім. Олар мына алыптан кішілеу сезіледі.

Аятолла Хомейни, сөз жоқ, Иран тарихында ғана емес, мұсылман әлеміндегі аса ірі тұлғалардың бірі. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да сол. Шахиншахтың аяғын аспаннан келтіріп, Иранды Ислам Республикасына айналдырып, АҚШ сияқты алпауытқа қасқая қарсы тұрып, өз дегеніне жету де ұлылық. Кезінде біздің баспасөз мұны: «Орта ғасырлық дәуірге шегіндіру» деп байбаламдап жатты. Кім біледі, біздің ақылымыз жете бермейтін сұңғыла саясаттар болады. Бірақ әлемдік техникалық прогресінің қалып қойып, орта ғасырдың соқасын өгізбен тартып жүрген Иранды көрмедік. Бұл жағынан біз әуелі осы Иранға жетіп алайық.

Ал дін бе? Рас, дінді Аятолла Хомейни биік мемлекеттік дәрежеге көтерді. Батыстың «Ислам фундаментализм!» деп үрейі ұшатыны содан. Бірақ қазір дінді кім асқақтатпай жатыр. Ватикан анау. Ресейдің православиесінің жаңбырдан соңғы саңырау-құлақтай қаулап бара жатқаны анау.

Асылында, дін — күнбе-күн өзгеріп жатқан коньюнктуралық саясаттан, билік үшін жанталасып, халықты шатастырып қоятын партиялық ырың-жырыңнан гөрі зау биікке көтеріліп, адамият (жалпы адамгершілік) тұғырында, тек құдай жолында тұрса ғана қасиетті.

Машһат (орысшалап Мешхед деп жүрміз) Ирандағы Хорасан облысының орталығы. Біздің батырлар жырларында көп кездесетін:

Аруаққа ат қойып, Хорасанға қой айтып, — дейтін Хорасан осы.

Сөйтсек, оның негізі бар екен. Машһатта бүкіл мұсылман шығысында аса беделді әулие саналған Имам Рза жәмиіне алып барды.

Машһат — Теһраннан мың километр терістікте, біздің Түрікменстанның шекарасына таяу орналасқан. Түрікмендер кітап көрмесіне Ашғабаттан Машһатқа дейін мәшинемен келді. Демек іргесінде тур деген сөз. Сонда біздің ертедегі қазақтар Хорасанды, ондағы Машһатты білген болды ғой. Хорасан қазақ жырына тегін қосылмас.

Машһатта екі миллион халық тұрады (Теһранда он миллион). Айнала — тау. Сәті түсіп, жұма намазға тап болған екенбіз, мешітке бір шақырымдай қалғанда, мәшинеден түсіп, жаяу тарттық. Қаптаған халықта есеп жоқ. Көбісі қара шадыра киген әйел Қара шадыра жамылған әйелдің кемпір екенін, жас екенін білмейсің — аузы-басын тұмшалап алған.

Айтпақшы, арамыздағы жалғыз әйел Роза Бердіғалиеваға да қара шадыра жамылдырды. Қалдарбек: «Киме, жаман ырым», — деп ашуланды. Ол біздегі түсінік. Қара жамылу Иранда қаралы болудың белгісі емес. Онсыз мешіттің маңына жолама. Мұсыл-млн емес нәсілден бұл мешіттің табалдырығын аттап басуға болмады. Батыстың жартылай жалаңаш жүруге дағдыланған еркетотай, тайтақай әйелдері: француздар, немістер т.б. бұл елде жым болып, шашын көрсетпей, басына орамал салып, білегін, сирағын көрсетпей ұзын етек, ұзын жеңді көйлек киіп, моп-момақан халде қалған. Иран шекарасын аттадың екен — осы тәртіпті ұстан.

Мешіттің намаз оқып, мінәжат қылатын алты ордасы бар екен. Мың-мың адам, алтауының да аузы-мұрнынан шығады. Ортадағы ордада тұтас алтын биік саркофаг табыт тұр. Мұнда асқан ғұлама — әулие Имам Рзаның сүйегі жатыр. Сонда сол табытқа тым болмаса бір саусағын тигізуге тырысып, жанталасқан жандарды көрсеңіз. Мұндайда бойы ұзын болған да пайдалы екен, бәрімізден бұрын Қалдарбек Найманбайдың қолы тиді-ау әйтеуір.

Мәрмәр еденнің үстіне жығылып, тұрып намаз оқығандардан көргенін істей тырбаңдаған үш-төрт жастағы бөбектерді көргенде жағаңды ұстайсың. Батыстың ислам десе үрей болатыны осыдан шығар деп те ойлайсың.

Жап-жас жігіт сал ауруға ұшыраған карт әкесін арқалап келе жатыр. Соның өзінде жол даңғыл болса екен-ау. Сығылысқан жұрт.

Өмір барда өлім бар. Өлген кісіні табытқа салып, Имам Рза мешітінің ат шаптырым айналасын сол табытпен аллалап айқайлап жүгіріп өту парыз. Табыт көтергендер марқұмның туыстары. Біз мұны да көрдік.

Хорасанның мәдениет министрі Хасан Заде бізді Имам Рза жәмиінің асханасына апарып. құдайы тамақ берді. Бірер түйір еті бар, сұлыдай сүйрік күріш, құрғақ палау. Шәй орнына — қара су. Иранда ашаршылық жоқ. Бірақ қанағат карын тойғызады дейді. Буған қарап Иранда тек құрғақ палау жеп, қара су ішеді екен деп қалмаңыз. Тағы да қайталаймын: бұл құдайы тамақ. Сауап болады дейді. Бұл әулиенің тамағы.

Ал жалпы ауқат мәселесіне келсек, базарда, дүкендерде азық-түліктің алуан түрі толып тур. Ә, дегенде қымбат көрінуі мүмкін. Қой етінің бір киләсі — 300 тұман, яғни біздің 300 сом (1 доллар — 140-150 сом, Иранда да 1 доллар — 140-150 тұман). Хош деп қойыңыз. Ең қымбат басқа азық-түлік те осы шамалы. Ал енді айлық қандай дейсіз ғой. Бастауыш мектептің мұғалімі 17.000 тұман алады. Енді бағаны айлыққа шаға беріңіз. Әрине, арзан. Қазақстандағы бақандай бас газеттің бас редакторы мен 2500 сом аламын.

(Жариялылық қой). Оған қанша килә ет келеді. 17.000 тұманға қанша килә тартады? Мәселе қайда. Пенсияға шықсаң — айлығыңның үштен екісін береді.

Имам Рза мешітінде Құран мұражайы бар. Ежелгі пайғамбарлардың қолжазбасынан бастап, бүгінгі полиграфия туындыларының шыңына дейін бәрі осында. Әзірет Әлінің қолжазбасы ерекше сақталған.

Есіңізде болсын, жолыңыз түсіп, Иранға бара қалсаңыз, Аятолла Хомейнидің кесенесіне, Имам Рза жәмиіне, ондағы Құран мұражайына аяқ киіміңізді шешіп тастап кіріңіз. Әйтпесе ыңғайсыз жағдайда қаласыз.

Машһаттың солтүстігін ала көгілдір тау мұнартады. «Қай тау?» — дегенімізде, «Нишапур», — десті. Сонда есімізге сарт етіп абзал ақын Омар Хайям түсе кетті. «Қанша шақырым?» — «Екі жүз елу шамасы» — «Онда барып қайтсақ қайтеді?»

Министр Хасан Заде күмілжиді. О баста бағдарламаға енбеген маршрут.

— Омар Хайямның басында болып, бір көру үшін жаяу баруға да дайынбыз.

— Сіздер Иранға тағы келсін деп сол сапарды келесі жолға сақтадық, — деп құтылды министр.

Дәм тартып, жол түссе, келесі кезекте Нишапурды ғана емес, Шираз бен Исфаһанды да көргенге не жетсін. Хафиз бен Сағдидың басына барып, дұға оқыған сауап болар еді. Кім біледі, тағдыр жазса оған да жетерміз.

Ал бұл жолы біз сәті түсіп, жер-әлемге дарқан дариядай даңқы шалқыған Фирдоусидың басына бардық. Бұл Тұс деген жер екен. Өзінің туған жері. Ғұмыр кешкен дәуірі — X ғасыр. Сұлтан Махмуд Ғазнауиге тұстас келген. Мәңгілік «Шахнаменің» авторы даңқы жер жарса да, тұрмысы жоқ, жұтандық пен өткен.

Төс айылдың батқанын, Иесі білмесе, ат білер. Ер жігіттің қадірін, Ағайын білмес, жат білер, — деп бекер айтылмаған шығар. Фирдоусидың да ұлылығын жат жерлер танып, таңғалып жатқанда ғана Ғазнауи: «Ой, әттеген-ай, Фирдоусиды алтынмен аптаңдар», — деп әмір берді деседі. Қай заманда да патша өзі қанша әділ болғанмен, жанындағы нөкерлері қарау болса, ақыр түбі аһ тұрғызады. Уәзірлер Фирдоусиге алтын орнына күміс әкеле жатса, о да бұйырмай, Фирдоуси дүние салған екен. Өзінін туған жері Тұста жерленіпті.

Сол жерде қазір мәрмәрдан соққан биік кесене тұр. Бардық. Бас идік. Мұражайында болдық. Жанындағы рестораннан дәм таттық. «Ұлы ақынның аруағы қолдап, жолбарысы жебей жүрсін», — деп тіледік. Көңілге бұл да медет.

— Ұлы баба Әбілқасым Фирдоуси, қош, қош, — дедік.

3. Ирандағы қазақтар

Тағдыр айдаған казак кавда бармаған.

Жазы да жау іздеген қазақтың

Басы қайда қалмаған, —

деуші еді той көне жыраулар.

Сол казак Иранда да жүр. «Жау іздей» бармаған, жаудан қашып барған.

Теһран шаһарының өзінде екі-үш-ақ қазақ тұрады. Соның бірі — Әзім Адай. Мамандығы — дәрігер. Бірақ оны соңғы кезде, барыс-келіс көбейе бастаған шақта, Иран үкіметі көбінесе тілмаш қызметіне араластырып жүр. Қазақ пен парсы тілінің тізгінін тең ұстаған жігіт. Мектепте парсыша оқыған. Қазақ мектебі мұнда жоқ.

Иран топырағына табанымыз тигеннен сол Әзім Адай біздің тілмашымыз әрі жан серігіміз болды. Өзі бір өте бауырмал, мың болғыр, адал азамат. Әзім Адай деген атынан көрініп тұрғандай, ата жұрты Маңғыстау. Әкесі 1928 жылғы тәркілеу кезінде Турікмен асып, Иранға өткен. Қазір әкесі Каспий-Хазар теңізінің жағасында Бендер-Түрікмен деген қалада турады. Қартайып, жүріп-тұруы қиындаған аурушаң әкесін Әзім Адай арқалағандай болып, Маңғыстауды, ата-баба мекенін көрсетіп қайтыпты.

Ата жұртты аңсаған Әзім Адайдың әкесі ғана емес. Осы Иранның Бендер-Түрікмен, Турган, Құмбет қалаларында тұратын он мыңға жуық қазақтардың бәрі-бәрі сағынады. Олардың көбі осы Иран топырағында туса да қанмен, жанмен жалғасқан бір сезім ата жұртты аңсатып қойған.

— Тұрмыстан таршылық жоқ, күнкөріс жақсы. Бізде бәрі бар, бірақ Отан жоқ, — дейді Иран қазақтары. Біз қазақтар тұратын өңірге жете алмадық. Бірақ олар өздері келді. Жас жігіттер келіндермен, бала-шағасымен келгендер де бар. Сабылтып 350 километрден жету, әрине, еріккендіктен емес, біз арқылы елдің, кіндік жұрттың иісін біліп, түсін тану ғой. Бірі саудада, бірі малда, бірі кірекеш, бірі мұғалім... Жұмыссыз жүргені жоқ. Ішіп -жемнен кенде емес. Бірақ бәрінің аңсары — Қазақстан.

— Қалай жетеміз? — дейді.

— Қалай көшеміз? — дейді.

Білгенімізді айтып жатырмыз. Қазақстан азаматтығы туралы Заң шыққанын, ол Заң бойынша шетелдерде жүрген қазақтардың да қаласа, Қазақстан азаматы бола алатынын, алдағы уақытта республика Жоғарғы Кеңесі көші-қон туралы Заң қабылдамақшы екенін айттық-ақ.

Мұндағы бір өте күрделі мәселе мынау. Ауған соғысы кезінде Ауғанстандағы көп қазақ Ирандағы қазақтарға барып сағалаған. Енді қазір ол не Ауғанстанның азаматы емес, не Иранның азаматы емес. Қазақстаннан баяғыда қол үзген. Енді қайтпек?

Міне, осы арада Қазақстан Президентінің, Жоғарғы Кеңесінің, үкіметінің үлкен адамгершілік, биік парасаты өте-мөте қажет болып тұр. Иран үкіметімен келіссөз жүргізіп, алдымен сол адасып қалған қазақтарға қол созып, елге көшіріп алсаң, бұл жақсылықты екі дүниеде де ешкім ұмытпайды. Ал енді қаны казак, жаны қазақ сол адамдар еш елдің азаматы бола алмай жат жерде қаңғырып қалса — бұл Қазақстан деген аты әлемге жайылып, аса бір құрметке ие болып тұрған мемлекет үшін абырой емес.

— Бізді бұрын қазақпыз десек, ешкім танымаушы еді, — дейді Сахи деген жігіт. — Енді, құдайға шүкір, Қазақстан, Нұрсұлтан Назарбай десең бәрі түсіне кетеді, түсі жылып сала береді. Ләйім құдай осы құрметтен айырмасын.

— «Қазақ» командасы қалай? — дейміз.

— Жақсы, бір кезде өзіміз сол командада ойнағанбыз, — дейді Фархат Көрпе, Жапарбай Көрпе деген жігіттер.

Жат жұртта жүріп өзінің футбол командасын «Химик», «Строитель», «Мелиоратор», коди-соди деп қоймай, қасқая тұрып «ҚАЗАҚ» деп қою да ерлік қой!

Тәуелсіз дербес мемлекет екеніміз рас болса, шетелдердегі қазақтарға, оның ішінде Ирандағы бауырларға бүйрегімізді бұрайық. Иранда оларды ешкім қорлап-зорлап жатқан жоқ. Қайта қысылғанда баспана бергені үшін Иран үкіметіне рақмет. Бірақ адамның басқа тірі жәндіктен айырмашылығы — атамекеншілдігі ғой. Аруана екеш аруана да өз мекенін аңсайды. Адамды құдай атажұртқа ынтызар етіп қойса, оған адам айыпты ма?!

Біздің биік парасатты Өкіметіміз осы жайды ойланар деп үміт етеміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар