Бала қарға — Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі материал.
Материал — Бала қарға, қарға, ертегілер, ертегі — осы тақырыптарға байланысты.

Ана қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып, айдалада жатқан жемтікке келіп қоныпты. Балапаны анасына да билетпей бас салып, жемтікті шоқи беріпті.
Ана қарға болса, жан-жағына жалтақтай қарап:
— Балам, біздің жауларымыз көп... Сондықтан тамақ жегенде, бір шоқып, төңірегіңе бір қарап ал, – деп ақыл айтыпты.
— «Сақтықта қорлық жоқ», апа. Өзің бір шоқып, жан-жағыңа екі қарай тұр, – деп, бала қарға жемтікті шоқи берген екен. Содан бері қарғалар бір шоқып, жан-жағына екі қарайтын болыпты.
Бұл бетте Бала қарға тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Бала қарға материалы Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Динара
Сақтықта қорлық жоқ