Өлең, жыр, ақындар

«Кітап білім бұлағы» дөңгелек стол

Түркия Республикасы Түрік тарихы және мәдениеті (TURKTAV) қорының бастамасымен түркітілдес халықтардың ұлттық кітапханаларының қолдауымен құрылған «Отырар» электронды кітапхана басшысы Омер Низаметтин Айкуртпен «Кітап білім бұлағы» деген тақырыпта әл- Фараби атындағы ҚазҰУ- нің 1 курс студенттерімен 27.04.2022 жылы дөңгелек стол өтті. Іс-шара барысында Омер Низаметтин өзі басшылық етіп отырған электронды кітапхана жұмысымен және ондағы кітаптар қорымен таныстырды. Кітапхана қорында Осман империясы тарихына байланысты ортағасырлардағы кітаптардың және қазақ халқының тарихына байланысты көптеген кітаптардың электрондық нұсқасы туралы баяндап берді. Кездесу барысында студенттер тарапынан кітапхана қорындағы электрондық нұсқадағы кітаптар туралы сұрақтар қойылды. Дөңгелек стол барысында кітап сүйер студенттер өздерінің оқыған кітаптары туралы айтып, ортаға салып пікір алмасты. Дөңгелек стол барысында бауырлас екі елдің классик жазушыларының еңбектері туралы айтылып, ой бөлістік. Бұндай іс- шараның өткізілуіндегі мақсат Студенттердің кітап оқуға деген қызықшылығын арттыру мақсатында  онлайн форматында ұйымдастырылған дөңгелек столдың  септігі мол.

Дөңгелек столды ұйымдастырушы Қазақстан тарихы

кафедрасының т.ғ.к., доцент Гүлнәр Қозғамбаева

 

 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз