Жүзім жегісі келген қасқыр

Басты бет / Қазақша ертегілер – балаларға арналған / Жүзім жегісі келген қасқыр

Жүзім жегісі келген қасқыр — Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Жүзім жегісі келген қасқыр бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Бір түлкі жүзімге лықа тойып, баудан шығып келе жатады. Оны көрген қасқыр:

— Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып.

— Ойбай, қасеке, құлдық, – дейді түлкі жылмаңдап. — Сенен несін жасырайын, анау баудың ішінде сықасып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын.

Түлкі соны айтады да қасқырды ертіп апарып, өзіне үйреншікті тесіктен бауға кіргізіп жібереді.

Қасқыр таңсық болған жүзіміне әбден тойып, баудан қайта шығайын десе, әлгі тесіктен өте алмай, кептеліп қалады.

Мұны көрген түлкі:

— Қасеке, тым көрсеқызар екенсің. Артын ойламағанға сол керек, – деп жүре беріпті.

Бауға су салып жүрген адам тесікте кептеліп жатқан қасқырды соғып алыпты.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (3)

диас

Кейіпкерлерге мінездеме жазып беріңіздерші отініш

Шапағат

Маған үнады

Мақсат Ж

Біздің ескі қазақстанның жемқорлары сияқты көздері тоймайтын бәле екен)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүзім жегісі келген қасқыр туралы не білуге болады?

Бұл бетте Жүзім жегісі келген қасқыр тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі басқа материалдар жүзім тақырыбындағы материалдар қасқыр тақырыбындағы материалдар ертегі тақырыбындағы материалдар қысқа ертегілер тақырыбындағы материалдар түлкі тақырыбындағы материалдар