Мысыр перғауындарының бірінің шірімеген денесі Лондондағы Бритиш Мұражайына қойылған. 3000 жыл бұрын өлген бұл перғауынның денесі мумияланған емес. Әлемге ғибрат болу үшін мумиясыз күйде сақталған. Ғибрат беруші құжат ретінде денесі мүлдем бұзылмаған, еттері шірімеген және қылдары да төгілмеген күйде және сәжде еткен түрде табылған. Өйткені перғауын өлерінде сәждеге жығылған еді. Құран кәрімде былай дейді:
«Исраил ұлдарын теңізді қақ бөліп өткіздік. Перғауынның әскері зұлымдық ету үшін олардың (жарылған теңізде) артынан келді. Перғауын теңізде тұншыққанында «Исраилұлдары сенген Аллаһтан басқа тәңірдің жоқтығына иман еттім, мен де мұсылман болдым» деді. Оған «енді сендің бе, бұдан бұрын қарсы шығушы, қырып-жоюшы едің» делінді. (Теңізге тұншыққан перғауынға Аллаһу та’ала былай бұйырды:) Сенен кейінгілерге ғибрат болу үшін бүгін сенің (теңіздегі) денеңді (шірітпей) шығарып (жағаға) тастаймыз. Әйтсе де адамдардың көбі аяттарымыздан ғапыл». (Юнус сүресі 90-92 аят)
Перғауын Мұса алейһиссаламның муғжизаларын көргенде қорықты. Мұса алейһиссаламмен оған сенгендердің Мысырдан кетуіне рұқсат берді. Кейін перғауын рұқсат бергеніне өкініп әскерімен арттарынан қуды. Теңізден жолдар ашылып Мұса алейһиссаламмен Исраилұлдары теңізге кірді. Артына түскен перғауынмен әскері Қызылтеңіздің Суейш бөлігіне келгенінде теңіз жабылып тұншыға бастады. Бұл жағдайға түскен перғауын дереу сәждеге жығылып иман еттім дегенімен тұншығып әскерімен бірге өлді.
Перғауынның жансыз денесі қаншама ғасыр теңізде болғанымен, Аллаһу та’аланың құдіретімен шірімеді. Аятта білдірілгеніндей денесі 3000 жылдан кейін жағаға шықты. Табылған денесі Англияға жөнелтілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі