Өлең, жыр, ақындар

Неліктен мұсылман болды?

— Атлант мұхитымен Ақ теңіздің бір-біріне араласпай тұрғанын көрдім. Бұл ғылыми түрде дәлелденген еді. Ал бұның 1400 жыл бұрын Құран кәрімде айтылғанын естігенде мұсылмандық хақ дін екеніне көзім жетіп мұсылман болдым. (Капитан Кусто — Франция)

— Құран Аллаһтың атымен басталады, Аллаһтың бір екенін білдіреді. Таңданысым артып тәуһид діні мұсылмандықты таңдадым. (Кэт Стивенс — Англия)

— Ислам — бүкіл дәуірлерді қамтитын дін. Мұсылман болумен бүкіл дәуірлердің тәжі болған дінді таңдаған болдым. (Роджер Гарауди — Франция)

— Құран Аллаһтың атымен басталады Аллаһтың бір екендігін білдіреді. Анархияның алдын тек ислам тәрбиесімен ғана ала алатынымызға сендім. Мұсылман болдым, ішкілікті тастадым, оранып намазды бастадым. (Тина Гфанзил — Германия)

— Ислам дүниенің де, ахиреттің де бақытын көрсеткендіктен мұсылман болдым. (Б. Карай — Зенгибар)

— Исламда ұлт, түс, тіл бөлушілігі болмағандықтан, бәрінің тең болуы, намаз оқығанда да дәрежеге, шенге қарамайтындығын көрдім. Мұсылман болдым. (Томас Клайтон — Америка)

— Ислам барлық жақсылықтарды қамтиды. Ешбір дінде бауырластық исламдағыдай емес. (Др. Рольф Фрейхер — Австралия)

— Махаббат, дұрыстық, тазалық және жақсы мінезді бұйырғандықтан мен мұсылман болдым. (А. Уэмура — Жапония)

— Ислам діні ақылға да сай екенін көріп мұсылман болдым. (Сесилла Канолли — Австралия)

— «Білім Қытайда болса да алыңдар!» деген хадисті оқыдым. Исламның білімге берген маңызын көріп мұсылман болдым. (Мр. Боард — Америка)

— Ислам ысыраппен сараңдыққа (қызғаншақтық) тыйым салған, материялық жағынан да, рухани жағынан да ең жақсы қағидалары болған бір дін. (Роналд Рокуэл — АҚШ)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз