Құдаларға тілек — Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі материал.
Материал — Құдаларға тілек, тойға тілек, Үйлену тойына тілектер, тілек — осы тақырыптарға байланысты.
Қадірлі құдалар, ағайындар! «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген дана сөз бар халқымызда. Бүгін міне, екі жас бір-бірімізді туыс етіп отыр. Бәріміз де туған үйіміздің өрісін осылай кеңейткенбіз. Қыз өріс деген осы екен. Қыздың барған жерге сіңіп кетуі біріншіден, жастардың тәрбиесіне, екіншіден ағайынның татулығына көп байланысты. Кәнеки, екі жасқа құтты қадам, құдаларға ынтымақ тілейік.
**** **** ****
Қадірлі туыстар, меймандар. Күні кеше құдалардың алдынан өтіп, алақандарына салып аялап отырған қыздарын үкілеп алып келдік. Бүгін міне той-думан біздің елде жүріп жатыр. Қызды туған ұясынан ұшыру оңай емес. Қыз ата-анасының, туыстарының қандай қимас сезіммен, үлкен үмітпен, кәміл сеніммен аттандырып салғандарын көрдік. Жастардың қадамы құтты болсын. Тіккен отауларына ырыс кірсін, ынтымақты болсын. Келіннің етегі балаға толсын, бір-екеумен шектеліп қалмасын. Әпкем мен жездем енді немере сүйіп, соларды әлпештеп, қызықтарына кенеле берсін, біз соның куәсі болайық.
Назар аудар:
Құдаларға (құдалыққа) арналған тілектер мен құттықтаулар
Бұл бетте Құдаларға тілек тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Құдаларға тілек материалы Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Али
Баршаның құдалары бақытты болсын!
Эльмира
Құтты болсын.
Артур
Тілек