Мерейтойларға құттықтау — Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі материал.
Материал — Мерейтойларға құттықтау, құттықтау, тілек, тілектер — осы тақырыптарға байланысты.
Жандары жайдары, барынша мейірбан, достары көп, тілекшілері мол, ағалық пен даналықты бойына сіңіре білген, «ел» десе егіліп, «халық» десе төгіліп, «Отан» десе өз еркімен жегілетін, қазыналық ақсақал жасына жетіп отырған осы екі асыл жанды мерейтойларымен шын жүректен құттықтап, шаңырақтарына шаттық, баянды бақыт, өздеріне зор денсаулық тілей отырып, өмірдің барлық қуанышын бірге қызықтап, Алланың берген жасын қос аққудай бірге жасап, кісілік келбеттерінен танбай, несібе-дәулеттерінің арта беруіне ақ тілегімізді білдіреміз!
*** *** *** ***
Бүгін біздің әке-шешеміз ..................... шаңырақ көтергендеріне 55 жыл толып отыр. Ардақты ата-анамыз ...... бала тәрбиелеп өсіріп, олардан бүгінде немере-шөбере сүйген бақытты жандар. Біз, балалары, оларды осынау айтулы өмір кезеңіне жетуімен шын жүректен құттықтай отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:
Алтын тойға куә болған ұрпағың
55-тің қарсы алады нұр таңын.
Құттықтаймыз осы тоймен Сіздерді –
Жұп жазбаған ерлі-зайып сұлтанын!
Берік сақтап салт-дәстүрін өмірдің,
Шырағы боп біздер өскен өңірдің,
Себепкері болып әр кез жүрсіздер
Әулеттегі қуанышты көңілдің.
Сіздерден әлі де көп түйеріміз,
Сіздермен бірге өссін үй-еліміз.
Жиылмай осы тойдың дастарханы,
Шөпшек болсын шөбереден сүйеріңіз!
Ұл-қыздары, немере-шөберелері атынан ұл-қыздары.
*** *** *** ***
Абзал ата-анамыз! Өмір өзені бүгінде Сіздерді тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке ұқсатты. Ұл-қыздарыңыздан сүйген немере-шөберелерің осының жарқын айғағы.
Ұрпағы өсіп-өнген, халқының қадірменді қариялары атанған Сіздерді қол ұстасып өткізген 55 жылдық тойларыңызбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, көп қуаныш, ұзақ ғұмыр тілейміз! ……… әулеті Сіздердің әлі талай тойларыңыздың куәсі болсын!
*** *** *** ***
Бұл бетте Мерейтойларға құттықтау тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Мерейтойларға құттықтау материалы Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі