Өлең, жыр, ақындар

Герольд Бельгер және публицистика

Герольд Бельгер Карлович - аудармашы, сыншы, прозашы, әдебиеттанушы және публицист, Қазақстанның халық жазушысы. Герольд Бельгер 53 кітаптың авторы. Ол 1934 жылы 28-ші қазанда Ресейдің Саратоф облысында дүниеге келген. Әкесі Карл ұшқыштар мектебінің дәрігерлік бөлімінде, анасы Анна парашютші болған. Г. Бельгер олардың тұңғышы. Үш қарындасы болған. Біреуі өмірден өткен, екеуі аман-сау. Эльма  қарындасы Ташкентте, Алма қарындасы Германияда тұрады. 1941 жылы Сталиннің жарлығымен Кеңес Одағындағы барлық немістермен бірге Қазақстанға жер аударылған. Қазіргі Солтүстік облысындағы Шал ақын ауылда қазақ орта мектебінде оқиды. Қазақ ауылда тұрып, қазақ тілін жетік меңгеріп шыққан. Білімін Абай атындағы Қазақ педагогика институтында филология факультетінде жалғастырады. Еңбек жолын Жамбыл облысы Байқадам кеңшарының орта мектеп мұғалімдігенен бастайды. 1963-1964 жылдары Жұлдыз журналының әдеби қызметкері болып тағайындалады. Герольд Бельгердің жұбайы –  Раиса Хисматуллина, ұлты татар. Г. Бельгердің Ирина есімді бір қызы болды. Ирина Ковалева – әртіс, кинорежиссер. 1988 жылғы Всеволод есімді ұлы бар. Герольд Бельгердің лақап аты «Гер аға». 

Герольд Бельгер неміс тілінде шығатын «Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары қызметін 1992 жылдан бастайды. 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. Алайда бұл қызметке Бельгер амалсыздан келіскен. Жазушының туындылары неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазылған. Ол Абай, Әуезов, Мүсірепов, Нүрпейісов секілді ірі қазақ жазушыларының шығармашаларын орыс тіліне аударған. Қазақ тілінің байлығын жан тәнімен түсінген.  Оның қаламынан туған 70-ке тарта проза және әдеби сын жанрындағы кітаптармен ғылыми зерттеу еңбектері, қазақ, орыс, неміс тілдерінде 2300-ден аса мақаласы бар. «Ауыл шетіндегі үй» (1973), «Даладағы шағалалар» (1976), «Алты асу» (1977), «Тас өткел» (1987,орыс, қазақ, неміс тілдерінде), «Мұнартау» («Жалын», № 1, 1974), «Бауырластықтың жанды бейнесі» (1981),  «Уақытпен бетпебет» (1985, неміс тілінде), «Гете и Абай» (1989) атты зерттеу еңбектері жарық көрген. "Мұнартау" мен Қазақ дәптерінен кейінгі қазақ тілінде шыққан кітабы "Өтеді өмір осылай". "Кезбенің үйі" романы 2003 жылы жазылған. Шығармада 1941 жылғы күштеп жер аударылған Кеңес немістерінің қиын-қыстау тағдыры туралы баяндалады. Роман 3 бөлімнен тұрады: "Давид", "Христьян", "Гарри". Абайсыз қазақты елестете алмайсың. Г. Бельгер Абай туралы 4 кітап жазған, 6 кітап құрастырған. Г. Бельгер оппозициялық бағыттағы газеттерді көп пайдаланды. Шындықты дәл жазып, еш бүкпесіз жеткізіп отырды. Екінші сыныбынан бастап күнделік жазған. Күнделігіне көп нәрсені шынайы жазып кеткен. Күнделігін түсінбейтін адамдар да болған. "Күнделік жазылып болғаннан кейін, шығарылуы керек"-деген пікірлер айтылған. Алайда Гер аға күнделікті жаза салып жариялайды. Шындықты қалай бар солай жазатын болған. Сөйтіп бұл күнделігі "Толғанай" деген баспадан шығады. Бұның ішінде белгілі бір кезеңдегі оқиғаларды түртіп жүрген болатын. Г. Бельгер Мұсафар Әлімбайовпен жақсы сырлас, дос болған. Мұсафар ағамызға "Мен ғой Мұсафар" деген эссесін де күнделігінің бір тұтас бөлігін арнайды. Гер ағамыз бір сөзінде: « Менің күнделіктерім 40 баспатабақ болып қалды. Ол енді қазақтан басқа ешкімге керек емес. Егер соны шығарып берем дейтін қазақтар болса, мен қуанатын едім" - деген екен. Осы сөзінен кейін Г. Бельгерге бір жігіт хабарласып кездесуге шақырып, екеуі жүздеседі. Әлгі жігіт: «Күнделіктеріңізді маған сатыңыз" - депті. Екі немесе бес мың доллор ақша ұсынған. Содан Гер аға оны екі есе қымбататып айтып көреді. Жаңағы жігіт Гер аға ойланайын деген. Сонымен екеуі саудаласып, Гер аға әзілдеп: «Онда 10 мыңға жеткенше күте тұрайын"-депті.  Жазар-сызары көп Бельгер қаламын қолынан тастамай, көрген-білгенін күнбе-күн дәптер беттеріне түсіріп келген. Мысалы, туған күнінде құттықтап телефон шалсаң, ол кісі бәрін жазып отырады. Кім қоңырау соғып құттықтады. Нешінші болып құттағаныңды күнделігіне жазып қоятын болған. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқып, пікір қалдырған. Гер аға уақытының көп бөлігін Шоқан Уәлиханов ескерткішінің қасында өткізетін болған. 
 
Герольд Бельгер Дінмұхаммед Қонаев атамызбен кездескен. Д.Қонаев атамыз жайлы лебізін сұхбаттарының бірінде айтып өткен. Герольд Белгер: «Дінмұхаммед Қонаев жайлы соңғы кездері  көп айтылып, жазылып жатыр. Менің оған алып қосарым жоқ. Өйткені менің Димекеңмен тікелей араласқан сәттерім жоқтың қасы. Көбінесе Димекеңді жиналыстарда, әртүрлі кездесулерде сырттынан байқайтынмын, тыңдайтынмын, көретінмін. Жалпы ол кісі маған ұнайтын. Тұлғасы да, бет пішіні де, бойы да, ойы да, сөйлеген сөзі де маған ерекше әсер ететін. Нағыз мемлекет қайраткері деген ұғым менде сол кісіден бастап қалыптасқан. Тағы бір менің ашқан жаңалығым ол кісі тек қана орысша сөйлейді деген ойда жүрдім, сөйтсем оның қазақшасы керемет екен. Оның қазақшасының кереметтілігін байқағаным бізде бірде мынау Секаның демалыс үйі деген болған жоғары жақта. Сол кезде бір Нұрпейісовпен қыдырып жүрген кезімде қара волгамен біреу келіп тоқтады. Ішінен бір жас жігіт шықты да, сосын артынан асықпай ұзын бойлы бір кісі шықты. Үстінде кастюм жоқ, куртка киіп алған. Басында шиляпасы бар. Жұрттан өзгешелік жоқ бір адам. Бірақ бойы ұзын. Нұрпейісов мені түртіп қалды да "Ойбай үлкен кісі келді ғой, барып амандасайық"-деді. Барып амандастық. Жақсы жігіттер деп бізбен, жақсы тіл табысты. Әңгіменің барлығы тек қана қазақ тілінде болды. Сонда менің таңғалғаным, қазақшада еркін сөйлеуі, арасына қазақтың байырғы сөздерін мақал-мәтелдерін араластырып, өз жөнімен айтып, еркін көсіліп сөйлегенін сонда бірінші көрдім. Сөз саптауы ғажап екен. Сосын мен бір сағат күн сайын осында келіп қыдырамын деді. Қасындағысы өзінің жиені болу керек. Аты Дияр Қонаев. Інісінің баласы екен. Жанында сол жүрді. Димекең ар жағындағы бір сүрлеумен жүріп отырды. Нұрпейісов екеуміз сол екі жақтан қасында еріп жұрдік. Қырсық, қырсық сұрақтарды Нұрпейісов қойды. Д. Қонаев ол кезде өкіметтің басшысы емес, мемлекет қайраткері емес зейнетақыда жүрген адам болды. Соған байланысты болса керек, Нұрпейісов қытығына тиетін сұрақтар қойып отырды. Моншаны салғанда қанша миллион ақша кетті, Қонақ үйді салғанда қанша миллион ақша кетті, Неге 700 қазақ мектебі жабылды, Сіздің сіңірген еңбегіңіз қалай деп түсіндіресіз, осы төңіректе қойылды сұрақтар. Д.Қонаев әлбетте сұрақтарды ұнатқан жоқ. Бірақ бір дөрекі айтқаны осының бәрі қып-қызыл қыртыл деді. Сосын Нұрпейісовте сауалдарын қоймай қайта-қайта қоя берді. Кейіннен асықпай, саспай түсіндірді. 700 мектепті жапқан мен емеспін, ауылдың кішкентай-кішкентай мектептері еді, онда 6-7 балаға дейін оқитын, ондай мектептің керегі жоқ, мектептерді үлкейтіп салу керек болды, 5 ауылдың балдарын бір жерге орналастырып, бір жерде оқыту керек болды. Жаңағы мектептердің қысқарту жолы осылай болды. Ал, енді моншаны салғанда халыққа монша керек емес па? Керек. Сол жерге монша салуға 16 миллион кетті деп журналисттер жаза береді. 16 миллион емес, пәлен миллион кетті өз цифрын айтты. Сол сияқты қонақ үй керек емес па? Алматының сәні болатын, Алматыны көркейтетін мықты 25 қабатты қонақ үй керек емес па? Оғанда біреулер пәлен қаражат жұмсады, ақшаны шашты деген сөздер болды. Жұрт жаза береді, айта береді. Оның барлығы олай емес, оған кеткен қаражат мынандай деп оның барлығын тәппіштеп, асықпай түсіндірді. Сосын бірақ Нұрпейісов шаруам бар деп кетіп қалды. Мен кетуді жөн көрмедім. Шалдың өзін жалғыз қалдыру ыңғайсыз деп ойладымда қасында еріп жүрдім. Сөйтіп екеуміздің сөзіміз жарасып кетті. Айтқаны, мен немістерге өте дұрыс қараймын, сыйлаймын, жақсы жұмыскер, жақсы қызметкер, уәдесінде тұратын қара жұмысқа бейім, сондай адамдар қазаққа сіңірген еңбектері ұланғайыр. Мен соның барлығын білемін. Менің неміс достарым бар деп, 5-6 батыр атағын алған, социалистік еңбек ері атағын алған немістерді айтты. Мінекей, осылардың барлығы менің достарым, мен оларды сыйлаймын, олар мені сыйлайды. Сонымен. мені көтермелеген түрі болуы керек. Немістер туралы жылы сөздер айтты. Сосын немістің театрын Алматыға алып келген мен.  Менің кезімде өкіметтің қаулысымен, осындай театрда әкелдім. Әйтпесе бұрын Теміртауда жүргенде ол кімге керек? Қалай болды? Бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан осы Алматыға алып келдім. Қазақстанның орталық комитетінің шешіміменен Фроншет газетінде Ақмоладан осыны Алматыға әкелген мен. Ұсыныс жасаған менмін, журналисттердің көбін білемін, оқимын. Сені де оқимын!-деп, мені де бір мақтап қойды. Сені де әр жерден теледидардан сөйлеген сөздеріңді тыңдаймын, мұның барлығы дұрыс деймін. Құптаймын-деп мені бір марқайтып қойды. Сонымен бір сағат бойы қыдырып, жылы сөйлестік. Сонда жақсы әсерде үйге келдім де, соны күнделігіме жазып қойдым. Жаңағы менің айтқандарым, бір-екі журналда ма, газетте ма шыққан болу керек. Содан бері жалпы Димекең жайлы менің көзқарасым өте жоғары.  Кейін Димекең қайтыс болған соң, үйіне барып көңіл айттық. Үйіндегі кітапханасын көрдім. Кітаптардың сөрелерін, кабинетін, үлкен залын көрдім. Залға көңіл айтуға келген азаматтармен бірге отырдым. Оның ішінде неше түрлі мықтылар болды. Содан бері менің Димекең жайлы ойым оң. Ерекше адам. Үлкен адам деп оны қадірлеймін, бағалаймын, сыйлап жүремін. Менің достарымның, жолдастарымның арасында Димекеңді ұнатпағандарда болды. Неше түрлі әңгімелер айтты. Димекеңнің үстінен жазылған арыздарды да білемін. Сонау замандарда Москваға неше түрлі арыздар жазылды. Ол арыздарда айтылмаған нәрселер жоқ. Оның жаңағы мылтық жинауы. Ол қазақ емес, татар. Децертациясын біреулер жазып берген деген сияқты өсек-әңгімелер көп еститінмін. Ал, енді өзі қатарлы адамдар жайлы қыдырып жүрген кезде біреуін жамандаған емес. Рашидовті ақтады, ұрлық-қарлығын білмеймін, бірақ бұл Ризоқов тамаша адам, ғажап адам деп оны ақтады. Брежнев жөнінде ешбір өсекке бой бермей, тек жылы-жылы сөздерін айтты. Сол сияқты басқа Украина, Беларусья сол кездегі бастықтар туралы тамаша мінездеме берді.Бұның өзі адами қасиеттерінің біреуі деп есептеймін».
 
Герольд Бельгер барлау жайында сұхбат беріп өткені бар. Сонымен қоймай, Тоқтар Әубәкіровке барлау ісінде жылы лебізін білдірген болатын. 

Сұрақ: Қазір ел басқарып жүрген жазушылар болсын, қоғам қайраткерлері болсын кіммен барлауға баратын едіңіз? 

Г. Бельгер: «Барлау дегенді білмеймін. Өзі өмірімде барлауға барған адам емеспін. Және ешкімнің қасына еріп бармаймын. Өйткені менің бір аяғымның өзі кем екенін білесің, қолымда таяғым бар. Сөйтіп жүріп қайдағы барлау? Мысалы үшін, ешкіммен дәл осы барлауға барар едім деп айта алмаймын. Тіпті өзі 55 жылдан бері бірге тұрған әйелім менде барлауға баруым екі талай. Мен достарыма да ол жағынан қатал қараймын. Қанша сыйласамда, қанша ұнатсам да талабымнан ары кетпеймін. Ал, енді барлауға барудың бір тармағы ол зиялы қауым жөнінде ғой. Зиялы қауымды қазір сынайтындар көп. Солардың ішінде менде бармын. Жалпы жаңа сөздің алдында сократ дегенді айттым. Сократтың үлкен бір "Өзіңді-өзің таны"-деген қағидасы болған. Сол қағиданың тұрғысанан қарасақ, өзіңді-өзің таны деген қағида бізде орындалмай тұр. Өзін-өзі танып жүрген зиялы қауым бізде жоқтың қасы. Бұлардың сонда негізгі мақсаты не? Негізгі мақсаты ақша, баю, саясат, ретін тауып елден кету, сондай деңгейде. Қазір біздің азаматтығымыз, зиялылығымыз осы деңгейде. Күн сайын зиялы қауымның өрісі дамып келеді. Кеше Зиманов қайтыс болды. Мінекей, зиялы адамдардың бірі осы еді. Осындай деңгейдегі адамдар бірінен соң бірі кетіп жатыр. Қалғандарының көбі өз заманында өсіп жетілген, түгелдей ақылсымақтардың заманы. Бір жағынан жағымпаз, екінші тұрғыдан жалтақ адамдардың көбеюі. Мінекей, бұлар мені қатты ойландырады, түңілтеді. Көп адамнан безіп, қазір өзіммен өзім жеке болып жүргенімде осыдан. Өйткені сенім жоқ. Жиі маған телефон соғады, мына құжатқа қол қойыңыз, өкіметтің атына осындай хат ұйымдастырдық. Солардың біреуі болып сізде қол қойсаңыз дейді. Мен сол бас кезде қол қойып жүрдім. Кейін байқағаным біреу қол қойса ертең қазақтың үштен бірі тайып шығады. Қателестім, түсінбедім, білмедім, мені алдады сияқты бір сылтауларды айтады да бәрі кетіп қалады. Арыз жазады жоғарғы жақа қателістім деп. Сонда бір 62 адам есімде хатқа қол қойған болды. Сол кезде 3-4 күннің ішінде тең жартысы айнып шыға келді. Сонда қалғаны 1-2 неміс, 1 еврей. Қалғандары жоқ. Сонда ақымақтың бірі мен болып шығар едім. Содан кейін менің білгенім: "Қой, өз айтарымды ашық айтайын, өз көзқарасымды ашық білдірейін дедім. Демек солай өзіммен өзім болам. Өйткені өзгеге сенім жоқ. Бұған қол қояды, ертең айнып шыға келеді. Біздің оппозицияның дегеннің артында бастары қосылмайды. Әрқайсысы өзінше бір билік жүргізгісі келеді. Басында қосылады, ертең айырылысады. Кейін бірін-бірі жамандайды, тіпті мағанда келіп жүретіндер болды. Жалпы соңғы кезде түңілуім көп менің. Мұның бәрін тереңдетіп, қанатын жайып айтып отқандағы негізгі ойым барлаушы қылып алатын адам Қазақстанда, елде жоқ. Жалғыз адам Тоқтар Әубәкіров бар деп айтар едім. Осы мықты қазақтың бірі. Пішіні де, талантты да, ұлттық қасиеті де, бәрі бар! Онымен Данияда бірге болғаным бар. Бір апта бірге жүргеніміз бар. Депутат кезде 1 жыл бойы бірге отырғанымыз бар. Ол менің нағыз, қатты сыйлайтын ерекше қазақтың бірегейі. Сонымен барлауға баруға болар еді деп ойлаймын қазір. Алайда бір күмәнім бар. Күмәнім болғанда өзінен емес, менен емес. Сол жаңағы Тоқтардың жанындағы  неше түрлі сұмырайлардан күмәнімданам. Оны неше түрлі сұмырайлар қоршап алған, оныңда басын айналдырып, бірде өзіне тартып, бірде әрі итеріп сөйтіп басын қатырып жүр. Мінекей, сондайлар түбінде от салып,  барлауға барар алдында бір-бірімізге қарсы қойып қоюы мүмкін ау деген кейде күдік басым келеді. Сондықтан барлауға баратын адамым жоқ». 
 
Герольд Бельгер: "Өмірімнің 43 жылын қазақ тіліне құлағымның құрышын қандырумен келген екем...". Ұлты басқа болса да, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан Гер ағаның еңбегі орасан зор. Жүрегі қазақ деп соғып тұратын жанның бірегейі. Қазақтың әдебиетін, мәдениетін, тарихын жетік білген Герольд Карлович «Қазақтың қуанышы – менің қуанышым, қазақтың тойы – менің тойым...» деп бар саналы ғұмырын әдебиетке арнады. Келеңсіз дүниелерді бетің бар, жүзің бар демей ашық айтқан. Артында өшпейтін із, мол шығармашылық мұра қалдырды. Бельгер еңбекқорлығы мен батылдығынан танбаған жазушы. Герольд Карловичтің Қазақстанға деген шексіз сүйіспеншілікпен өрілген өмірі шынайы патриотизмнің үлгісі болып саналады. Гер аға шығармашылығымен ғана емес, керемет адамгершілік қасиетімен де есте қалады. Қазақ әдебиетінің рухын көтіріп тастаушының бірі. Ұлтжандылығымен үлгі боларлық нар тұлға! Қазақтың сөзін қазақтан артық айтпаса, кем айтпайтын  адам. 
 
Ұлты неміс, жүрегі қазақ Герольд Бельгер 2015 жылы 21-ші қаңтар күні жүрек талмасына ұшырап, 80-нен асқан шағында бақилық болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз