Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес мәдени мұра. Ұлттық аспаптар дыбыс ерекшелігіне қарай ішекті-шертпелі, үрмелі және ұрмалы болып бөлінеді. Музыкалық аспаптар кептірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, саз балшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен және қылынан жасалған.
XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында ең кең тараған музыкалық аспап – екі ішекті домбыра болды. Археологиялық қазба жұмыстары мен тасқа қашалған ескерткіштер домбыраның ежелгі түркі дәуірінде пайда болғанын көрсетеді. Алғашқы домбыраның шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі саналатын Алтай тауы деп есептеледі. Домбыра екі ішекті, кейде үш ішекті болып келеді.
Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп: сермеп ойнау, іліп қағу, шертіп ойнау және тағы басқа. Қазіргі таңда домбыраның 20-дан астам түрі бар. Олардың ішінде:
• ән мен күй домбырасы
• торсық
• тұмар
• кең шанақты
• балдырған
• балашық
• шіңкілдек
• аша
• үш ішекті
• қуыс мойын
• шертер
• оркестр домбыралары: қоңыр дауысты, жіңішке дауысты, ащы дауысты, бас домбыра
Ән мен жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8–15 болса, күй домбыраларына 20-дан астам перне тағылады. Құлақ бұрауы да орындау мақсатына қарай өзгеріп отырады.
Қобыз
Қобыз – қазақтың ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді қуыс болады. Бет жағы ашық, ал түбі көнмен қапталған. Ертеде қобыз бүтін кептірілген ағаштан ойылып жасалған.
1956 жылдан бастап қобызды қайта жетілдіру мақсатында оған төртінші ішек тағылды. Осы арқылы орындаушылардың мүмкіндігі кеңейіп, жаңа шығармалар дүниеге келді.
Қазіргі таңда қобыздың екі түрі бар:
• екі ішегі қылдан жасалған, нәзік қоңыр әуенді байырғы қылқобыз
• темір сым мен қой ішегі тағылған, төрт ішекті жіңішке дыбысты қобыз
⸻
Жетіген
Жетіген – көп ішекті ұлттық музыкалық аспап. Пішіні төртбұрышты қорапқа ұқсайды, беті жұқа тақтайшамен қапталады. Көне жетігінде жеті ішек болған, ал қазіргі жетігеннің әрбір ішегіне жеке құлақ тағылады.
Алғашқы нұсқада жетігенде 13 ішек болып, олардан 20-ға жуық дыбыс шығарылған. Диапазоны – 1,5 октава. Кейін жетілдірілген жетігеннің өлшемдері де өзгерді:
• ұзындығы – 1,6 м
• шанағының ені – 25 см
• биіктігі – 9 см
• қақпағының қалыңдығы – 3–3,4 мм
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бегимбаева Жамиля
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі