Өлең, жыр, ақындар

Қазақ білімінің қара шаңырағы - ҚазҰУ

Менің атым Мұхтар Нұрасыл Мұхтарұлы.Мен тоғыз жолдың торабы Арыс қаласынан боламын. Дәл қазіргі сәтте студенттерді білім нәрімен сусындатып келе жатқанына мерей тойлы 88 жыл болған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Медицина және денсаулық сақтау"факультетінің студентімін.

Мен бала кезімнен ақ халат киіп, дәрігер болу арманым еді және сол арманымның дәл қазіргі сәтте алғашқы баспалдақтарынан өтудемін. Менің оқуға түсер кезімде өте көптеген таңдаулар болды. Бірақ мен соңында жеке өзім шешім шығарып ҚазҰУ-тің біліміне сеніп таңдадым және алғашқы сабақтарды өткеннен менің сенімім ақталды.

Қазіргі сәтте менімен бірге түрлі елден келген студенттер оқиды. Мысалға Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан. Олармен бірге сабақ өту өте қызықты. Біз бір-бірімізге тілімізді үйренеміз, мәдениетімізді түсіндіреміз, әркім өз елі жайлы қызықты деректерді айтады. Жалпы шетел студенттерімен сабақ өткен өте пайдалы. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орта Азия бойынша 1-орында, QS world university rankings рейтингі бойынша әлемде 150-орында. Міне осы жетістікке қарап универдің дәрежесі қандай жоғары екенін біле аламыз.

Қорытындылай келе: 

ҚазҰУ-ол мүмкіндіктер мекені,ҚазҰУ-жетістіктер ортасы, ҚазҰУ-ол білімнәрінің қара шаңырағы!!! 

Мұхтар Нұрасыл 1 курс Стоматология ҚазҰУ

Аға оқытушы Қайрақбаева Гулназ Солтанғазықызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз