Соңғы 4000 жылда жердің бетінің ең қатты ысуы

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Соңғы 4000 жылда жердің бетінің ең қатты ысуы

Соңғы 4000 жылда жердің бетінің ең қатты ысуы — Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі материал.

Материал — NASA зерттеулері, NASA, ауа-райы, температураның көтерілуі — осы тақырыптарға байланысты.

NASA-ның алдын ала деректеріне, сонымен қатар Жапон метеорологиялық агенттігіне сәйкес 2015 жылдың шілдесі бақылап келе жатқан уақыттан бері, яғни 19 ғасырдың соңынан ғаламшардағы ең ыстық ай болған. 

Ғалымдар жанама айғақтарды да зерттеген: ағаштардың жылдық шығыршықтарын, мұзды керндер мен мұхит түбіндегі маржан түзінділерді. Бұл деректер Жердің соңғы 4000 жылда максималды деңгейге дейін қызғанын растайды. 

Жинақталған NASA мәліметтері тағы да анықталып, алдағы апта және айларда сараланады, бірақ қазір температура 2015 жылдың шілде айында 2011 жылдың шілде айында жасалған рекордтан 0,02ºC-қа жоғарылағаны анық. Биылғы жылдың әрбір айы, NASA деректері бойынша, зерттеу жүргізіліп келе жатқан уақыттан бері ең ыстық айлардың төрттігіне кіріп отырған. 

NASA және басқа да агенттіктер температураның айлық және жылдық орташа мөлшерін өлшегенге кішкене әртүрлі тәсілдерді қолданады, сондықтан мәліметтер базасы ұқсас болғанымен, нәтижелері бір-бірінен сәл өзгеше. Мысалы, келесі кестеде Жапон метеорологиялық агенттігінің деректеріне сәйкес температураның 1980-2015 жылдардағы орташа айлық көрсеткіші келтірілген.

температураның 1980-2015 жылдардағы орташа айлық көрсеткіші

 

Осыған қарағанда, егер әлем бойынша күз әдеттегідей салқын болмаса, биылғы жыл өлшем жүргізген уақыттан бері абсолютті рекорд жасағалы тұр. Бірақ осы жылы қатты болады деп күтіліп отырған Эль-Ниньо температуралық аномалиясының түсуін есептесек, мұндай болуы екіталай. 

Адамзат тарихындағы ең ыстық ай Еуропа, Азия мен Американың көптеген қалаларында өлшем іске қосылғаннан бері температураның абсолюттік рекордын жасаған. Көшелерде асфальт еріп, ал көлік қақпақтарында жұмыртқа пісіруге болатындай болды. 
Мысалға келтірсек, 9 шілде күні Мадридте көлеңкеде температура 39,9ºC болған. Германия ұлттық рекордын 5 шілдеде жаңартты – бавар қаласы Китцингенде 40,3ºC болды. 

БАҚ Үндістан, Пәкістан, Мысыр және басқа елдерде ыстықтан мыңдаған адам қайтыс болғанын айтады. 
Температураның жылдық орташа мөлшері тағы ұлғайса мұның арты апатқа ұласуы мүмкін дейді ғалымдар: су деңгейінің көтерілуі, төтенше ыстық кезең, жан-жануарлардың жаппай қырылуы мен табиғи апаттардың ұлғаюы. Бәлкім, өткен шілде адамзатқа жасалған ескерту болуы да мүмкін. 
Кейбір климатологтар жаһандық күннің ысуын индустриялық дәуірдегі адамдардың қызметімен байланыстырады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы 4000 жылда жердің бетінің ең қатты ысуы деген не?

Бұл бетте Соңғы 4000 жылда жердің бетінің ең қатты ысуы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Соңғы 4000 жылда жердің бетінің ең қатты ысуы материалы Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі басқа материалдар NASA зерттеулері тақырыбындағы материалдар NASA тақырыбындағы материалдар ауа-райы тақырыбындағы материалдар температураның көтерілуі тақырыбындағы материалдар жердің ысуы тақырыбындағы материалдар климат тақырыбындағы материалдар kz2015 жариялаған басқа материалдар