Өлең, жыр, ақындар

Қабылдау-ойлау түрінің практикалық әрекеті (Нағашыбек Қапалбекұлы “Дос жүрегі” әңгімесі желісінде)

Қабылдау-ойлау түрінің практикалық  әрекеті (Нағашыбек Қапалбекұлы “Дос жүрегі” әңгімесі желісінде)

Толегенова Мерей

6В03103-Гуманитарлық заң факультеті: Психология мамандығының 1 курс студенті

Ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының кондинанты профессор Тулекова Г . Х.

Аңдатпа

Мақалада психологиядағы қабылдау процесінің кезеңдері Элизабет Кюблер-Росстың теориясы бойынша талданған. Талдау обьектісі ретінде Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» әңгімесіндегі басты кейіпкер өміріндегі жағдайлар алынған. Шығармада нағыз достықпен қатар іштей досына ренжігенімен, әлі де досым деп көріп, көрісуге үміт үзбей жатқан басты кейіпкер бейнеленген. Қабылдау барысындағы хаттың маңызы айтылады.

Кілт сөздер: Элизабет Кюблер-Росс, психология, қабылдау, кезең, сары автобус, достық.

Аннотация

В статье анализируются этапы процесса восприятия в психологии по теории Элизабет Кюблера-Росса. Объектом анализа стали ситуации из жизни главного героя рассказа Нагашыбека Капалбековича «Сердце друга». В произведении, наряду с настоящей дружбой, изображен главный герой, который, несмотря на то, что внутренне обижен на друга, все еще видит себя другом и не теряет надежды увидеться. Отмечается важность письма в процессе принятия.

Ключевые слова: Элизабет Кюблер-Росс, психология, восприятие, период, желтый автобус, дружба.

Annotation

The article analyzes the stages of the perception process in psychology according to the theory of E. Kübler-Ross. The object of analysis was the life circumstances of Nagashybek Kapalbekovich, the main character of the story «the heart of a friend». The work depicts the main character, who, in addition to true friendship, is internally offended by his friend, but still sees him as a friend and does not lose hope of seeing him. The importance of the letter during the reception is mentioned.

Keywords: Elizabeth Kübler-Ross, psychology, acceptance, period, yellow bus, friendship.

Кіріспе

Қоғамда адам күнделікті күйзелетін, жағдайларға ұшырайды. Осы жағдайларда адам ең алдымен қорғаныс механизмдерін қоса, эмоционалды түрде жауап береді. Осындай негізгі қорғаныс механизмінің жүзеге асырылуын Элизабет Кюблер-Росс өзгерістерге жауап берудің бес кезеңінде атап өтеді, олар: бас тарту, ашу, сауда, депрессия, қабылдау. Сондықтан, қоғам мен тұлға арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру қазіргі әлеуметтік және психологиялық жұмыстардың басты міндеті болып табылады. Осы қабылдау мәселесі Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» атты әңгімесінде қозғалады. Адам қоғамда әрдайым коммуниукациялық байланыста болады, басқаша айтқанда "Адамның адамсыз таңы атып, кеші батқан емес. Адам баласы ойлары, әңгімелері жарасатын сырлас жан іздейді. Сондықтан болар, достықтың адам өмірінде алатын орны ерекше."[1]Егер жаңашырлық пен сүйіспеншілік біржақты болуы мүмкін болса, достық әрдайым екі адамның қатысуымен жүреді. Бұл тұлғааралық тартымдылықты, яғни екі жақтық достық сезімді көрсетуді қамтиды.

Сондықтан болар достықтың адам өмірінде алатын орны ерекше.

Негізгі бөлім

Өмірлік жағдайлардың барлығында бірдей бес кезең бірге кездесе бермейді,жалғасатын уақытынан да айырмашылық жасайды. Бірінші кезең- бас тарту кезеңі, Қайыркеңнің отбасысы жан анасынан айырылғанда барлығына ауыр тиеді. “Неге  қамықты екенсіз сонда?! Біз  бұлдырық жүрекпен: бір күні анамыз келіп қалардай, мәңгі кетті-ау дегенге әлі толық сене алмай жүруші ек. Бірде түсімде екен деймін, шешем үйімізде терлеп-тепшіп жадырап шай ішіп отыр, төңірегінде өзінің қоқыр-соқырлары мәз-мәйрам. Ояна кетіп, булығып жылағаным-ай.”[2] Кейіпкер монологында сенбеу байқалады.

Шығармада тағы байқалатын кезең-ашу кезеңі. «Дәл осы кезеңде адамдардың ашуын тудыратын өзгерістердің өзі емес, олар өздерімен бірге әкелетін шығындар екенін түсіну маңызды: «Бұл әділ емес! Жоқ! Мен оны қабылдай алмаймын!» [3] Қайыркең отбасындағы қиын жағдайға байланысты, ауылда қалып, жұмыс жасауға мәжбүр болады.Уақыт өте келе әкесі сиыр жоғалтып, бағбан жұмысынан айырылып, үй ішіндегі ауырлық үлкен ұлдарына түсті. Біріне тартсаң біріне жетпейтін қу тірлік, ит өмір басталды. Отбасысының қиын жағдайында Қайыркенді мынандай ойлар мазалайлы: «Мына пешенеме осы құрғырды жазып қойып - деп балтаны сілтей-сілтей әп-әдемі ағашты кейде жаңқалап жіберетінім бар. Бүкіл қаным тоқтап қалғандай ауыр ойлар қамаулап, денем ауырлап, тұнжыраңқы жүрем де қоям. Ешнәрсе  қызықтырмайды, төңірек түгел сұрқай» [4].

Ашумен қоса басты кейіпкер басынан депрессияны да өткізеді. Үй ішін тыпыр-тыпыр жинап, ас әзірлеп, барлығына көз қырын салып жүретін асыл аналарынан айырылып, барлық ауыртпалық әкесі мен үйдің үлкені Қайыркенге түсті. Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд психиатрлардың алғашқысы болып, баланың отбасы балалары арасындағы позициясы және ұстанымы оның жеке басына тұлға болып қалыптастырудағы маңызды және іс жүзінде шешуші фактор болып табылатыны туралы айтқан болатын.Мысалы көпшілігі балалық шақта үйреніп ,өскен модельдің әсерін қандай екенін өз өмірлік тәжірибиелерінен білді. Отбасындағы ең үлкен балалар көбінесе осындай сипаттамаларға ие болады,олар: жетістікке бағдарлау, көшбасшылық қасиеттер және тағы басқалары. Отбасындағы басқа  позициялардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, әпкелердің інісі,  інісіне қарағанда өзгеше, олардан ерекшеленетін жеке тұлғаға тән қасиеттерге ие болады. Отбасындағы әртүрлі позициялар бір ата-аналардың балаларының жеке басындағы үлкен айырмашылықтарға әкеледі. Осындай сыртқы әрекеттерге байланысты кейіпкерде тұлға ішілік конфликт болады. Қайыркеннің досын ойлауы,өмірінде болып жатқан оқиғалар, сыртқы факторлар барлығы ішкі конфликтті тудырады. Осыдан ішкі конфликт тек қана ішкі ойлар мен әрекеттер себебіне байланысты болмайтынын ұғуға болады.

Әңгімеде ең ұзақ өтетін кезең ол – қабылдау. Қабылдау процесі бүкіл әңгіме желісі бойында пайымдалады. Қабылдау - ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылданатын заттардың қасиеттері мен бейнелері кеңістікте шоғырланады. Қабыл-даудағы бұл процесс объективация деп аталады. Қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейне бірден бірнеше анализавторлардың өзара әрекеттесіп, үйлесімді жұмыс атқаруының нәтижесінде қалыптасады. [4].

Досы Таңат пен оның әйелі Сәбира әр сенбі сайын сары автобуспен осы ауылға келген кезде, Ермек пен Қайыркен өздерінің өмірдегі қиын сәттерін, күйзелістерін сәл уақытқа болса да ұмытып, біраз марқайып қалатын. Бұл жерден шығарманың неліктен «Дос жүрег» деп аталатының ұға бастаймыз. Қайыркеннің аңсаған бір арманы: студент болу, оқу оқып, уақыт өте келе өз саласындағы үздік мұғалім атанып, балаларға сабақ беру еді, алайда досының халін ойлаған Қайыркен қолына ақшасын ұстата, өз арманынан бас тартуына тура келді. Досының ауыр жағдайына кіріп ,өзінің өмірлік жан досына қол ұшын береді. Бірақ, суық күз келіп, қара нан, сумен ғана күн көріп жүрген екі айлары естен кетпестей із қалдырды.

Басты кейіпкер Таңатты әрқашан «досым» деп қабылдады. Алты жылдан кейін Қайыркен өзінің үйлену тойына байланысты, досына шақыру қағазын жібереді. Жауап ретінде, кезінде досына көмектесіп берген екі жапырақ қағазды көргенде көңіл күйі түсіп, өз көзіне сенбеген еді. Тым болмаса құттықтау сөздерін күткен болатын, не болмаса бір келіп, қонақ болып отырса...

Уақыт зымырап өте береді, қырықтан асқан шағында Қайыркен төсек тартып, құр жүрегі дүрсілдеп жатып қалады. Өткінші өмір, келеміз де кетеміз. Осылайша ауырып жатқанында елестейтіні сол баяғы сары автобус пен досы Таңат. Таңат өзінің досын Қайыркенді менсінбей, өзінің қара Волгасымен жүріп әлек. Қалада тұрып мақтаншақ, тәкаппар, досын сыйламайтын, дүниеқұмар болып кетіпті. Қайран өмір-ай!

"Халқымыз мырза, жомарт адамды қадірлеген. Əдетте мұндай адам көпшілікпен араласқыш, өзгеге көмектескіш келеді. Қолындағы барын аямайды. Ондай адамды халық та жақсы көреді. Оның басына қиындық түссе, халық болып оған көмектеседі. Осындай жағдайды сипаттағанда, халық «Береген қолым – алаған» дейді"- деп, Фариза Оңғарсынованың «Сөз сыры» кітабында жазылған [5]. Шығармадағы бас кейіпкер Қайыркен – жомарт, досын қадір тұтып, барын аямаған, береген қолым-алаған болған нағыз дос. Өзінің ауыр жағдайына қарамастан, досын өзінен артық көріп, оған ешқандай салмақ салмауға, қиындық тудырмауға тырысып, қиын-қыстау күндері досына медет болып, жүрегі досым деп соғып, қалай көмектессем екен деген оймен, өзінің қу жанында тыныштық болмай, өзі де, жанындағы әкесі мен төрт қарындасы да аш жүріп, күн көрсе де, арада қаншама жыл өтсе де, досына көмек көрсеткені жайлы тіс жармай, кеудесін кермеді де, мақтанбады да.

Серәлі Еруәліұлы ақынның «Нағыз дос» туралы өлеңінде достарды бір-біріне адал болуға шақырып былай деген:

Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы-жаман айтты деп елемейді,

Бақ-дәулет сол адамнан арылмайды.

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықты іздеп тұрар,

Жөніне татулықтың шабандамас...[6]

Кітап желісі бойынша, Қайыркен нағыз дос болды. Осындай нағыз достарды осы заманда кездестіру, шыны керек, өте қиын. Себебі, қазіргі заманда техникалық құралдардың даму кезеңінде, адамдар бір-бірімен сирек кездесіп, сырласа бермейді. Барлық хабарламалар телефон немесе видеозвонок арқылы жүзеге асады. Біздің ата-аналарымыз айтатындай, бұрынғы заманда жақын туыстарыңмен сөйлесу, хабарласу хат жазу арқылы жүзеге асқанымен, субъектілер арасындағы қарым-қатынас суымайтын.

Ал шындығына келсек, қолмен жазылған хаттардың маңыздылығы әлдеқайда жоғары. Қазіргі кезде практиктердің айтуы бойынша, кез-келген техниканы жасағанда да, қағаз бетіне жазып орындағанда істің істелетін пайызы жоғарырақ. Себебі, шашыраңқы ойды қағаз бетіне жазып, ретке келтіру арқылы ойдың біркелкі жүйесі орнайды. Журналдардан оқитын болсақ, адамдар соңғы рет хаттарын студент кездерінде жолдаған болатын. Алайда, хатты оқу барысында оқырманның жүрегінде бір жылулық орнайды екен. Сол кездегі қызықты сәттер еске түсіп, ләзаттанады. Хатты көп уақыт бойы күтіп, келген кезде, баладай қуанып, екі езу құлаққа жететін. Біздің үйде, анамыздың студент кезінде үйге, достарына жазған хаттары сақтаулы тұр. Кейде анамыз, бұл хаттарды оқып, өзінің жас кезін еске алады. Көзінде бір бақыт шуағы көрініп, күн сәулесіндей жайнайды. Оның себебі, бұл естелік- сол кезде қандай сезімге бөленіп, әлдебір қуанышты сәттерін еске алып, дән риза болуы.

Қорытынды

Сондықтан, біз заттар мен құбылыстардың түсін, дыбысын, дәмін, иісін, формасын тағы басқа қасиеттерін тұтас түрінде бейнеленуін қабылдау деп ойлау түрінің практикалық әрекеті ретінде қарастырамыз. Осылайша, қабылдау-заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, анамыздың студент кезде өз үйіне жазған хатын алатын болсақ, біздің анализаторларымызға оның түсі, иісі, осы хатты жазу барысындағы үйге деген сағыныш, сарғайған сезімін, қуанышын сезінеміз. Осындай қасиеттердің бір мезгілде әсер етуі, миымызда тұтас зат бейнесін тудырады.

Ал, Нағашыбек Қапалбекұлының Дос жүрегі шығармасында ойлау түрінің практикалық әрекеті — қабылдауды, Қайыркеннің ауырып, төсек тартып, құр жүрегі жұмыс істеп жатса да, елестететіні- досы Таңаттың сары автобустан түсіп келуін көру еді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Құдайберді Бағашар.Ала жіпті аттама (кісі ақысы жайында)/— Алматы; «Көкжиек» баспасы, 2015ж.

2. Нағашыбек Қапалбекұлы "Дос жүрегі"- Алматы,1991ж.

3. https://newrealgoal.com.ua/5-stadijreagirovaniya-sotrudnikov-naizmeneniya.html

4. Қ.Б. Жарықбаев. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Сөздік словарь баспасы. 2006. - 387 б.

5. Фариза Оңғарсынова. Сөз сыры Алматы: "Арман-ПВ" баспасы,2005ж.

6. https://bilim-all.kz/olen/3127                     


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер