Бала тәрбиесінде әке-шеше рөлі — Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі материал.
Материал — бала, ата-ана, тәрбие, әке — осы тақырыптарға байланысты.
Балаларымыздың өміріне жақсы немесе жаман әсер ететін тәрбиешілердің көп екенін байқадық. Сол тәрбиешілердің ішіндегі ең әсерлісі — әке-шеше. Яғни, баланың тәлім-тәрбиесінде әке-шеше басты рөлде ойнайды.
Әке-шешенің орнын ешкім баса алмайды, өзінің рөлін тастап ешқайда қаша алмайды. «Қаша алмайды» деп жатқан себебіміз, кейде ата-ана қол ұстасып алып, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінен қашқысы келеді. Сөйтіп, жауапкершілікті ата-әжеге, бала күтушіге, балабақша тәрбиешісіне немесе мектептегі мұғалімге лақтырғысы келеді. Кейде ата-аналардан «мына мектеп неге дұрыс тәрбие бермейді», «балама әдепті үйретпей мұғалім қайда қарап жүр?» деген шағымдарды жиі естиміз. Міне, осылардың бәрі жауапкершіліктен қашудың белгісі. Негізінде, мектептің және мектеп мұғалімдерінің басты жауапкершілігі баланың білімі екені баршамызға мәлім. Ал баланың тәрбиесіне тікелей жауапты — баланың ата-анасы.
Халық даналығында «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деген тамаша сөз бар.
Кейде әке бала тәрбиесін түгелімен дерлік әйелінің мойнына іле салады. Жалпы алғанда, бала тәрбиесіндегі ең басты рөл — әкенікі. Бірақ қоғамымызда көптеген әкелер бұл жауапкершілікті сезіне алмай жүргені қынжылтады. Көптеген әкелер баланың материалдық қажеттілігін қамтамасыз етумен ғана шектелуде. Яғни, балаларын мектепке алып барып, алып келу, тамағын, киімін қамтамасыз ету секілді ғана қызметтермен шектеледі. Әрине дегенмен бүгінгі қоғамда материалдық жағдай алдыңғы орында. Бірақ балаңызға рухани, имани тәрбие беру материалдық жағдай жасаудан бұрын тұруы керек.
Е.Ертайұлы
Бұл бетте Бала тәрбиесінде әке-шеше рөлі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Бала тәрбиесінде әке-шеше рөлі материалы Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі