Тәуелсіздік – биік шыңымыз
Қазақстан Республикасы – Орталық Азияда орналасқан тәуелсіз егемен мемлекет. Қазақстан халқы өзінің қайраты және жігерімен бүгінгі таңда жоғары беделге ие болып отырған мемлекет екендігі барша елге аян.
Еліміздің 1991 жылы 16 желтоқсанда мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы қабылданды. Тарихқа көз жүгіртсек, оған жету үшін ата-бабаларымыз қаншама ауыр зұлмат жылдарын басынан өткеріп, аштықтың, небір қанды соғыстардың құрбаны болған. Тәуелсіздік – тәңірдің бізге берген үлкен сыйы.
Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз және баға жетпес құндылығымыз. Тәуелсіздікті алу жолында желтоқсан оқиғасының алар орны ерекше , себебі бұл оқиға қазақтың көзін ашып рухын оятты. 1986 жылы 17 желтоқсан күні Алматыда қазақ жастары үкіметтің әкімшіл-әміршіл жүйесіне қарсылықтарын білдіріп,наразылықтарын алға тартып алаңға шыққан.Бұл желтоқсан оқиғасы Қазақсттаның егеменді ел болу жолындағы май шамы болды десем қателескенім емес. <<Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздікті алудан, оны сақтап қалу әлдеқайда қиын>> деген еді. Тәуелсіздікті сақтау, келешек ұрпаққа жеткізу мен сияқты жас ұрпақтың азаматтық борышы деп білемін. Биыл, 2025 жылы, Тәуелсіздігімізге 34 жыл толып отыр.
Осы 34 жыл ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстан әлем таныған, дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Экономика, мәдениет, білім, спорт салаларында көптеген табыстарға қол жеткіздік.
Елімізді өркендетіп, әлемге таныту жолында жасампаз істер атқарылуда. Тәуелсіздік – біздің ең асыл құндылығымыз. Ол әрбір қазақстандықтың жүрегінде мәңгі сақталады.
Қортындылай келе, Мәңгілік тәуелсіз ел боламыз десек, өскелең ұрпақты білімге , ғылымға құштар етуіміз қажет.Өз басым алдағы уақытта таңдаған мамандығым журналистика бойынша білімімді жетілдіріп, оны бітірген соң елдің мұң- мұқтажын тыңдайтын рухты азамат болуға бар күш- жігерім мен білімімді жұмсаймын деп серт беремін.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі