Өлең, жыр, ақындар

Оқыту үдерісінде жобалау әрекетін пайдалану креативті тұлға қалыптастырудың кепілі

ХХІ ғасыр бүкіл әлемнің жаһандық үдеріске ұшырап, инновациялық технологиялардың дамыған заманы. Соның ішінде жаңа дәуірдегі білім көрсеткіші де қарқындап даму үстінде. Білім – таусылмайтын қазына, сарқылмайтын байлық, барлық игіліктің бастауы. Сапалы білім беру мәселесі қоғамда ең өзекті тақырыптардың бірі саналады. Себебі, шарықтап дамып жатқан инновациялық және технологиялықүдеріс кезеңінде келешек ұрпақтың білім сапасы  заманауи талаптарға  сай болуы міндетті. Ол үшін мектептің жүрегі саналатын мұғалімнің де кәсіби құзіреттілігі жоғарғы деңгейде болуы керек.

Бүгінгі таңда сабақ оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, инновациялық технологияларға сай әрекет ету мұғалім құзіреттілігін танытады. Оқушының білімді өз деңгейінде меңгеруіне, жеңіл қабылдауына, өмірде қолдана алуына жол ашады. Аталған жағдайда оқушы алға жоспарлаған мақсатқа белсенді түрде талпыну, бірін-бірі бағалауы, топтық, ұжымдық жұмыстарда ынтымақтастқан түрде белсене араласу деген секілді дағдылар қалыптаса бастайды.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің магистранттары оқитын «Басқару психологиясы» пәні бұған айқан дәлел бола алады. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры психология ғылымдарының кандидаты Н.С. Жубаназарова пәнді оқу барысында магистранттарға тек теориялық білімді ғана алып қоймай, оны практика жүзінде айқындап отыруды, өмірлік жағдайлармен сәйкестендіріп шеше білуді үйретеді. Осының арқасында магистранттар қандай да болмасын мәселені қарастырғанда оны басынан аяғына дейін зерттеп, ой елегінен әрбір ұсақ-түйегіне дейін өткізуге дағдыланған.

Педагогикалық үдерстің дәстүрлі кезеңінде оқушы тек обьект ретінде қарастырылса, ал енді жаңа жобалау әрекеті арқылы оқу үдерісін қалыптастырған жағдайда оқушы да мұғаліммен қатар субьект сатысына көтеріледі. Жобалау әдісінде білім дайын күйінде оқушыға берілмейді, аталған жобалау әдісінде оқушы өз тарапынан ойын қоса алады, берілген білімге деген көзқарасын білдіре алады. Сол себептен жобалау әрекеті арқылы оқушыларға жалпы білімді меңгерту, экономикалық түсініктерін қалыптастыру үшін талаптарға сай жұмыс істелуі қажет.

Мектепте оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі олардың өздік жұмысты орындай білу біліктілігі болып табылады. Өйткені, өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық ізденімпаздықты талап етеді. Өзіндік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқугының білімділігін, біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады. Жобалау – оқушылардың өз бетіндік оқу әрекеттерін ұйымдастыруда олардың белсенділігін арттыруға бағытталған құралдардың бір түрі.

Оқушылардың жобалау әрекеттерінің басты ерекшелігі – оның білім берумен тығыз байланыстылығында. Жалпы білім берудің өзін әлеуметтік жобалауға жатқызуға болады, бұл жағдайда жобалау субьектісі – қоғам болып табылады. Жобалау әрекетін ұйымдастыруда да педагог оқушылардың жұмысын жоба түрінде құрады. Педагог білім беру мақсатын анықтайды, оған жетудің белгілі бір жолдарын ұсынады және қорытынды нәтиженің қалай болуы тиістігін алдын ала белгілейді. Осылайша, педагог әрекетінің өзі жобалық әрекет. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, жобалау әрекеті барысында педагогтың өз жауапкершілігі мен өзіндік іс-әрекеттері көбейеді, өйткені, ол оқушылардың жұмыстарын жоба жасауға бағытайды, жоба жасау арқылы олардың түрлі қабілеттерін анықтайды, одан әрі дамытады. Ол өзінің оқыту жобасының нәтижесіне ғана емес, оқушылардың жобасы арқылы өнімнің нәтижесіне де жауап береді.

Педагогтың білім беру жобасы оқушылардың жобалары арқылы жүзеге асырылады, егер педагог оқушылардың жобаларын тиімді ұйымдастырып, олар өнімді және нәтижелі болған жағдайда педагогтың білім беру (оқыту) жобасы өз мақсатын орындайды. Бұл жерде оқушылар жобасының өнімі – шартты ұғым, ол оқушының белгілі бір білімділік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық, т.б. сапалары болып табылады. Оқушылардың жобасын ұйымдастыруда педаог осы сапалардың белгілі бір сипатын мақсат ретінде алады. Оқушылардың жобалау әрекеті қатаң реттелмейтін, көбіне олардың еркіндігін дамытуға бағытталғандықтан педагогтың жобалау іс-әрекеттеріне де еркіндік, өзгермелілік, тән болады. Түрлі жағдайларға байланысты педагог көптеген өзгерістер ендіруі, ситуациялардан шығудың тиімді жолдарын анықтауы қажет болып отырады. Олардың барлығы да оқушылар жобасының, сонымен қатар, педагогикалық жобаның табыспен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді

Дәстүрлі оқыту кезеңінде мұғалім сабақ барысында тақырыпты басыан соңына дейін түсіндіріп беретін болса, жаңа инновациялық технология бойынша және жобалау әрекеті бойынша сабақ барысында мұғалім тақырыпты толықтай баяндамайды, тақырыпты оқушылардың өздері түсінуіне ыңғайлы жағдай туғызады. Оқушылар жобалау әрекетінде өз бетінше болашаққа мақсат-міндет қоя алады, яғни оқушыларда жауапкершілік сезімі дами түседі. Педагогикалық үдерісте өз бетінше алға мақсат қою, міндеттерін айқындау, нәтижелікті бағалау жобалау әрекетіндегі оқушының субьективтілігін танытады.

Білімді толық меңгеру оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім және дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші пркатика. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан, жете түсінбегендігінен болады. Білімді практикада қоланудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші – білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі – жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану.

Қорыта айтқанда, оқыту үдеріснде жобалау әрекетін пайдаланудың маңызы орасан зор. Білім алуышының еркін көзқараста дамуына, өз ойын ашық білдіруіне мүмкіндік береді.

Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Болтаева А.М.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер