Тау мен қаңбақ және бүркіт

Басты бет / Қазақша ертегілер (1000+) / Тау мен қаңбақ және бүркіт

Тау мен қаңбақ және бүркіт — Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі материал.

Материал — Тау, қаңбақ, бүркіт, ертегі — осы тақырыптарға байланысты.

Бір қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау:

— Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, не қып келдің мұнда? — деді. Қаңбақ тұрып:

— Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат жер астынан шығып, алып деген атағыңды естіп, алысу үшін әдейі сені іздеп келдім, — дейді.

Тау бұған жымиып күлді. Сол кезде құйын соғып, қаңбақты дедектеткен бойы аспанға алып шықты. Аспаннан қайта жерге әкеліп, ары-бері аунатты. Ойға-қырға домалатты. Ақыр аяғы өлдім-талдым дегенде, таудың бетіне өскен бір шоқ тобылғының басына іліп тастап, жайына жүріп кетті. Қаны қашып, қабағы түскен қаңбақтың қасына бір бүркіт келді. Ол:

— Е, қаңбағым, не қып жатырсың? — деді.

Қаңбақ:

— Алты батпан ауырды арқалаған едім. Жеті қабат жер астынан шығып, алып деген атағын естіп, астымда жатқан таумен әдейілеп келіп алысып едім, алты күн алысып, жеті күн дегенде, әрең деп жығып, желкесінен басып жатырмын, — дейді.

— Болса болар! — деді бүркіт оған. — Тобылғыға зорға ілініп қалған екенсің!

— Әлбетте, — деді қаңбақ, — одан басқа қолайлы жер болмаған соң, тобылғысынан ұстап жатқаным ғой.

Сол кезде құйын соғып, қаңбақты тағы да дедектете жөнелді. Бүркіт тұрып:

— Е, батыр, қайда барасың, тауды тастап? Тұрып кетпей ме ол енді орнынан? — деді.

Уақа емес, бүркітім. Алдымда алысатын әлі де көп алыптар бар еді. Соларға жетуге асығып барамын! — деуге ғана шамасы келді қаңбақтың. Құйынмен бірге құлдырап, ұшып кете барды. Ақырында күліп, бүркіт пен тау қалды.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Қарақат

Мына ертегі өте қызық екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау мен қаңбақ және бүркіт деген не?

Бұл бетте Тау мен қаңбақ және бүркіт тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тау мен қаңбақ және бүркіт материалы Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі басқа материалдар Тау тақырыбындағы материалдар қаңбақ тақырыбындағы материалдар бүркіт тақырыбындағы материалдар ертегі тақырыбындағы материалдар ертегілер тақырыбындағы материалдар Құйын тақырыбындағы материалдар