Жаз күнінде мысық пен қоян кез келіп, екеуі сөйлеседі. Қоян айтады: «Екеуіміз ажыраспайтын дос болалық», – депті. Сонда мысық айтады: «Олай болса, жақсы болды. Менің балаларымды сенің балаларыңның үстіне алып барайық», – дейді. Екеуі балаларын жөнелтіп, бірге жатып жүреді. Мысық балаларына күнде кекілік, қырғауыл тістеп әкеліп береді. Қоян шөп-шар беріп, күн көріп жүріпті. Бір күні мысық бір құсты аңдаусызда қармап алып, тірідей ұясына алып келеді. Құсты ұшып кетпес үшін қанат, құйрығын қырқып, балаларына береді. Балалары ары-бері жорғалатып ойнап, жемейді. Оны қоян көріп айтады: «Мысықжан, мынау жуас айуан екен, балалардың ішіне қосып қоя тұрып, менің балаларымның көзі ашылғанда, осындай қылып ойнатайық», – депті. Мысық досының тілін қимай, «мақұл» деп қосып қойыпты. Ертесіне екеуі далаға кетіпті. Құс екеуінің балаларын бәрін тойғанша жеп, қалғанын өлтіріп, кете беріпті. Мақал: «Бөрі баласы – ит болмас».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі