Өтеген — халықтың жоғын жоқтап, еліне құтты мекен, жайлы қоныс іздеп жер-дүниені кезген жиһангер. Қасына қырық жігітті ертіп, орта Азияны жалпақ кезіп, орыс патшасы сұраған елді де көріпті. Әр жердің топырағын қоржынына теңдеп, алып жүреді екен. Ақырында төрт түлік малға да, елге де жайлы Жиделібайсын деген жерді ұнатыпты. ол аймақ тек жылқы малына ғана жайсыз екен.
Өтеген батыр еліне келген соң халқына жау аяғы жет- пейтін, патшаның билігі өтпейтін жаңа қоныс тапқанын айтып:
— Егер көпшілік қарсы болмаса сол жаққа көшейік, Алатаудың жері малға жайлы болғанымен, жүре-жүре өрісіміз тарылады, алдымыздағы жылдарда қыс қатты бо- лып, жұтқа ұрынамыз, ел аштық, жоқшылық көреді, — дейді.
Қасқараудан шыққан ағайындары Ерсары мен Байсары:
— Жылқыға жайсыз болса несіне көшеміз, жылқы: мінсек — көлік, жесек — ет, жал-жая, қазы-қарта, ішсек — қымыз. Қазақтың жылқы малынсыз күні жоқ, жылқыдан айырылсақ, көрген күніміз не болады, — деп қарсы шығады. оларды қырық мың жылқысы бар Жыланкөз да қоштайды. Сөйтіп, қасқараулар көшпей қалады.
Көп ұзамай өтегеннің айтқаны келеді. Қатты кыстың арты жұтқа ұласып, халық бар малынан айырылып, жұтап қалады. Ел ашығып, басына қайғылы күн туады. Алатаудың баурында қыбырлаған құрт-құмырсқа, аң-құс та қалмайды. Баяғы Жыланкөз байдың кырық мың жыл- қысы да жұтқа ұрынады. Халқының ауыр халін көрген өтеген батыр: «Әттеген-ай, Жиделібайсын жылқыға жайлы деп сонда бір ауыз өтірік айтпағаным-ай!», — деп қатты өкініпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі