Айнұр Аңламасова - Жамбыл облысының тумасы. Айнұр қазіргі таңда ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде білім алып жатыр. Айнұрдың ютуб желісінде жас журналистерге арнаған каналы бар. Жеке каналында журналистика таңдаған оқырмандарға пайдалы ақпараттар көп. Талантты Айнұр Шалқар радиосының да жүргізушісі. Ең маңыздысы сіздерге Айнұрдың “Ай-Жур” подкасының тарихы және де қалай пайда болғаны қызықты - деп, ойлаймын. Бүгін Айнұрды “Ай-Жур”подкасы жайлы жақын әңгімеге тарттық.
- Айнұр сіз подкаст дегенді қалай түсінесіз? Өз ойыңызды толыққанды бөліссеңіз.
- Подкаст таралу жолы RSS арна арқылы жүзеге асатын аудио немесе видео форматтағы медиа контент. Менің ойымша әрбір подкаст белгілі бір салаға бағытталуы керек. Сонда ғана белгілі бір деңгейде аудитория жинай алады.
- Айнұр сіз “Ай-Жур”подкастының авторысыз. Жалпы осы подкасыңызды бастауға қандай жағдайлар себеп болды?
- Подкастинг соңғы жылдары қарқынмен дамуда. Мәселен, ютубтағы жобаларды алып қарайық. Екі немесе бірнеше адамның микрофон алдындағы әңгімесі подкаст аталып жүрді. Басында былай ойлайтынмын. Неге қарапайым сұқбаттасу, әңгімелесу подкаст деп аталады? Сосын өз бетімше іздене бастадым. Подкастинг жайында толығырақ Елдар Құдайбергеновтың сұқбаттарынан көп түсінік қалыптастырдым. Сәйкесінше мен де подкаст ашуға қызыға бастадым.
- “Ай-Жур”подкасы қандай бағытқа бағытталған? Қазіргі тыңдармандарға қандай пайдалы ақпараттар бере алады?
- “Ай-Жур” подкасты жастарға арналған контент ұсынады. Дарынды замандастарымнан, білікті эксперттерден қазіргі таңдағы актуалды тақырыптар бойынша сұқбат аламын. Сәйкесінше журналистикаға жақын бағыт. Болашақ журналист, қарапайым студент ретінде өз пікірлерімді, апталық жазбаларымды эпизод ретінде ұсынамын. Журналистикаға енді қадам басып келе жатқан іні-сіңілілеріме пайдалы кеңестер беремін.
- Жеке подкасыңызда қанша эпизод бар? Сізге ең қызықты эпизодыңыз…
- Подкасымның 60-қа жуық эпизоды бар. Бірнеше айдарлар тұрақты шығып отырады. Маған барлық эпизодтарым ұнайды. Әсіресе Ілияс Есенберлиннің “Ғашықтар” романы жайлы түйген ойларымды, инсайтымды бөліскен эпизодым сәтті шыққан. Романды жақсы талдап, түйінді ойды дөп таптым деген ойдамын.
- Сіз “Ай-Жур”подкасынан бөлек, қандай подкасттар тыңдайсыз? Ол подкаст сізге несімен ерекше?
- Мен барлық эпизодтарын жібермей тыңдайтын подкаст – Алмас Маратұлының “Айқап” подкасты. Өте шынайы подкаст. Сыни ойлауға үйретеді деп айта аламын. Айнел Амирханның “Oy-detox” подкастын да тыңдаймын. Айнел ханымның кейіпкерлері өте ерекше. Әсіресе Әйгерім Бегімбет ханыммен құрған фотожурналистика жайындағы эпизоды қатты ұнады. Подкастингтегі ұстазым деп Елдар Құдайбергеновты айта аламын. Сондықтан осы сала бойынша білімімді “QazPodcast” подкастын тыңдау арқылы арттырамын.
- Әрбір салада белгілі қиыншылықтар болады, адамзат баласы сол қиыншылығынан сабақ алып, одан әрі дами түседі. ”Ай-Жур”подкасында эпизодтарды жариялауда қандай қиыншылықтар болды?
- Әрине кедергілер болып тұрады. Апталық жазбаларды жазғанда оларды өңдеп, әрқайсысын қосу көп уақытты алады. Кейде сұқбаттасқым келген кейіпкерлер жауап бермей қалған кездер болды. Сайттың алгоритмдері өзгеріп, уақытша жұмыс жасамай қалған кезде эпизодтарымды жүктей алмай қиналғанмын.
- ”Ай-Жур”подкасын болашақта қандай бағытта жүргізесіз? Жалпы белгілі бағытта жүргізу ойыңызда бар ма?
- Менің ойымша подкаст қазіргі бағытын сақтайды. Мүмкін жаңа айдарлар қосылады. Жалпы журналистиканың төңірегінде материалдар жарияланады деп ойлаймын.
- Жасөспірімдер қазіргі таңда подкаст ашу үшін қандай қағидаларды ұстанған жөн?
- Подкастингке қызығушылық танытатындар ең алдымен бұл саланы зерттеуі керек. Содан соң “Мен не туралы айтамын?”, “Мені кім тыңдайды?” деген сұрақтарға жауап табу керек.
- Болашақ және қазіргі подкаст жүргізушілерге маңызды үш кеңесіңізбен бөліссеңіз?
- Менің ойымша бірінші – дара болу керек. Сіздің үніңіз, сіздің ақпаратыңыз, сіз таңдаған кейіпкер, сіздің бағытыңыз. Екінші – тұрақтылық. Ашқан, бастаған, идеядан шынайы түрде жүзеге асқан дүние орта жолда қалып кетпеу керек. Сонда ғана шын нәтиже, өсу пайда болады. Үшінші – сапа және сауат. Сіз қандай өнім ұсынсаңыз да сапалы түрде ұсынуыңыз керек. Ақпараттар шынайы, сауатты жеткізілуі керек деп санаймын.
- Сұқбатыңызға көп рақмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі