Көкі тама Есет батыр бір күні жолаушы келе жатып Даттың үйіне қонады. Сырым сонда бесікте жатқан бала екен. Есет кетерінде:
— Құдағи келін, мынау бесіктегі сәбиді таза асырап, жақсы баға гөр, жылатпа, — деп тапсырады.
— Осы баладан өзімнің де зор үмітім бар, жылағанда өксігі басылмай мамасын ембейді, көзі қызарып, жүрегі дүрсілдей береді, — депті анасы.
Сол Сырым он бес жасына келген соң даладан бір түйені әкеп сойып, қадірлі жылы-жұмсағын алып жол жүріп, Көкі тама Есет батырға барады.
Тоқсан жаста қартайып отырған Есет батыр келініне бір күні:
— Балам, тұлпардың дыбысы шығады, көздеші, — дейді. Келіні далаға шығып, атын байлап, түсіп жатқан адамды айтып келеді. Есет алдынан шығып амандасып, Сырымды қарсы ала- ды, сыйлап бірнеше күн қонақ қылып ақыл айтады:
— Балам, Сырым, жеті атаңа дейін даңқың үзілмесін, құлағыңнан сыбыр, сыртыңнан дүбір кетпесін, жорытқанда жолың болсын! — деп батасын беріп аттандырыпты.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі