(II нұсқа)
Тама Есет батыр бір күндерде жолаушы жүріп келе жатып Даттың үйіне келіп түсіп, түстеніп жатқан көрінеді. Сырым бала бесікте екен. Түстеніп кетерінде құдағайға келіп:
— Шырағым, мынау бесіктегі жатқан сәбиді жақсылап бақ, таза асырап өсіргейсің, аманат деп кетем, үлкен болғанда жақсы адамның біреуі болар», — деп кетіпті. Мамасы айтқан:
— Жарайды, атай, бағып қараймын. Қалайда былайғы балалардан құлқы басқа. Білмеймін, ашуланып, көпке дейін мамасын ембейді, екі көзі қызарып, өкпесі дүрсілдеп», — деген.
Сол Сырым ес кіріп, он бес жасқа келгесін, бір күндерде сөзден сөз шығып, мамасы: «Шырағым, сен бесікте жатқанда, тама Есет батыр деген қарт келіп түстеніп кеткен. Кетерінде сені маған аманаттаған. Жақсылап бақ, жылатпа, ес кіріп адам болса, жаман болмас, адам болар деп еді», — деген. Соны естіп Сырым жылқыдан бір семіз биені әкеліп сойдырып, етін пісіртіп, жая-жал, қазы-қартасын пісіріп алып бір атқа артып, Есет батырдың үйін іздеп тапқан көрінеді. Батасын алам деп үйге жақын келгенде, Сырым астындағы шұбар ат кісінейді. Есет тоқсан жасқа келіп жатыр екен. «Келін, шырағым, шығып қарашы, алыстан келе жатқан жолаушы-ау, бір тұлпардың дауысы құлағыма келеді», — дейді. Келін шығып қараса, ат жетегі бар. «Шұбар атқа мінген бір жас адам келіп тосып жатыр», — дейді. Есет таяғын алып қонақтың алдынан шығыпты. Келген бала «ассалаумағалайкум» деп қолын алғанда, қолын ұстап тұрып:
— Сен Сырым деген баламсың ба? — дейді.
— Атай, мен Сырым боламын, — деген. үйіне келіп түскен соң, атайға әкелген сыбағасын беріпті. Жеп болып:
— Шырағым, Сырым, менен не сұрайсың? — депті.
— Әй, атай, қалған батаңды үміт етіп келдім, — деген.
— Жарайды, қалғаны болса, Тәңірім қабыл етсе, сенен аямас деп, жай қолыңды дегендегі берген батасы дейді:
— Я, балам, Сырым, жеті атаға дейін даңқың үзілмесін, қызметің түсіп жат адамға көзің сүзілмесін, құлағыңнан сыбыр кетпесін, үй сыртынан дүбір кетпесін, дұшпанның қолы жетпесін, досыңның тілегі босқа кетпесін! Аллаһу әкпәр жолың болсын! — деген екен.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі