(I нұсқа)
Сырым батыр Ресей мен қазақ шекарасына, қазақ жеріне қала салуға қарсы болады, қалың қол жинап: «Елек суының ар жағына Елек қаласын салдырмаймын», — деп, салынған үйлерді өртеп жібереді. Сондықтан Елек қаласын қазақ «Күйік қала» деп атап кеткен. «Текенің аузына Мұнайлы (қазіргі Подстепный) салдырмаймын», — деп, Сырым шауып алыпты.
Осындай істерінен кейін Орынбордың губернаторы Сырымды шақыртып, Сырым батыр бармайды.
Сырым шақырғанға бармаған соң, патша өкіметі Сырымға заттай сыйлық беріп жіберіп те көрген. Сырымға Ғұбайдулла, Фатхулин және Әбілпейіз Мансұров деген молдалар жіберіледі. Бұларға әйел патшадан келген сыйлықтар мен генерал-губернатор Пеутлингтің хатын Сырымға апарып беру тапсырылады. Сырымның аулына келгеннен кейін молдалар оған сыйлықтарды және хатты тапсырады.
Сырым батыр сыйлық келгенде, әр рудан адам шақыртып алып: «Патшадан маған сыйлық келді, олжа алыңдар», — деген. Бірақ жұрт: «Бұл сізге келген сыйлық қой, сондықтан өзіңіз алыңыз», — дейді.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі