Кіші жүздің Орта жүзге берген бір қызы бар екен. Орта жүзге барған Кіші жүздің жігіттерінен бір күні қыз көйлегінің үшкілін беріп жіберіпті. «Өздері білер», — деп. Бірақ та Кіші жүздің көп кісілері шеше алмай Алдар биге барыпты. Алдар би көйлектің үшкілін көріп:
— Біздің орта жүзде бір қыз бар екен, бейнет көріп жүрмін, алып кетіңіз дегені болар, — депті. Танымайтын қызды алып келуге Сырымды жібереді. Сырым келіп сол елдің Мөңке би дегеннің үйіне келеді. Қыздың аты-жөнін білмегесін Мөңке би Сырымның қасына бәрі бірдей киінген қырық жігіт, қырық бірінші Сырым қылып ертіп жіберіпті және сол ауылдан қырық бірінші қыз киініпті, сосын барлығын кездестіріпті.
Сырым қыздың біреуімен құшақтасып жылай кетеді. Сол қыз іздеп келген қызы болып шығады. Мөңке би Сырымға:
— Қалай таныдың? — депті.
— Қырық қыз тойдан қайтқан кісілерше күліп-ойнап келе жатыр екен, менің қарындасымның өңі оларға тартпаған, сынық екен, — депті. Сонда Мөңке би Сырымға: Жасыңнан қара дауға әуес болған екенсің, сірә жаның ұзақ болмас екен, — депті.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі