Сырым ат жарысқа өзінің Ақмоншақ атты атын қосады. Аты бәйгеден алда келеді. Бұған ашуланған хан Сырымды өлтірудің қамына кіріседі. Хан Сырымға: «Күресуге адамыңды шығар, шығара алмасаң, жеңілгенің», — дейді. Сырым өзімен бірге келген Зілқара батырға барып: «Күресуге қалайсың?» — деген. Зілқара батыр: «Жолда келе жатып шөлдегенімде, жол бойында өсіп тұрған бір топ тобылғыны сығып, су шығарып іштім, ал күресу одан жеңіл. Мен әзірмін», — деп жауап қайтарған.
Екі жақтың батырларының күресінде Зілқара батыр жеңіске жетеді. Хан Сырымды өлтіруге мыстан кемпірді жібереді. Бір қапылыста мыстан кемпір Сырым мінген аттың үзеңгісіне мүшеаяқ уын жағып қояды. Алаңсыз Сырым еліне қайтпақшы болып, атының үзеңгісіне аяғын сала бергенде, кенет бір алып күш аяғын сырқырата жөнеледі. Бір бәленің болғанын, оның ханнан келгенін өзі де, жолдастары да сезеді. Жолдастары біраз жерге шейін көтеріп алып жүреді. Сырымға «Аяғыңды кесейік пе?» деп жолдастары сұрағанда, Сырым: «Жоқ аяғымды кестіріп, шолақ аяқ атанғаннан өлгенім артық, менің ырысымның жеткен жері осы болар, тастап кетіңдер», — деп өтініпті.
Сөйтіп, өткірлігімен де тапқырлығымен ерте көзге түсіп, халықтың сүйікті ұлы болған Сырым батыр ойыл-Қиыл деген жердің бойында қайтыс болған.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі