Нарынға Бөкей хан бастап өтіпті. Ол дүниеден қайтқан соң, орнына баласы Жаһангер (Жәңгір) хан болыпты. Ол уақытта мынау һәр орында, яғни қазақ жерінде жақын жерлерде уақтылы жәрмеңкелер жоқ екен. Хан ойлапты: «Халық шаруасына пайдалы болғандай жәрмеңкені сұрасам, патшаһтан ала алар ма екем? Болмаса, жолсыздан сайлап ұят болып қалар ма екен?» — деп пікірлеп жүріп, ақылдасатын кісі таба алмай, Аштырахандағы аға Дәуіт деген дана кісіге барып ақыл сұрапты:
— Атам еліне хан болып едім, халықтың жақын орыннан малын сатып, жабағы, тері-терсектерін сатып пайдаланғандай жәрмеңке сұрасам, патша ағзам хазреті жәрмеңке берер ме екен? — деп. Сонда аға Дәуіт айтыпты:
— Шырағым, хан Жиһангер, менің жасым тоқсанға келді, дүнияны көп көрдім, ішінде мынадай ғибыратларды көрдім, мен алты ай тасыған Еділдің алты күнде қайтып болғанын көрдім, алпыс жыл болған хандықтың алты сағатта жоқ болғанын көрдім, Құдай беріп тұрғанда қалайы-мыстың алтын-күміс орнына жүргенін көрдім. Бастан бақыт тайған күні алтын- күмістің қалайы-мыстың орнына жүрмегенін көрдім, бақытың жүріп тұрған жас ұғлан хан едің, осында бір студент дос орысым бар, соған жаздырып, екеуміз білген пікірімізді қосып жазып, күз екі уақыт жәрмеңке сұралық, бір уақыт емес, екі уақыт берер, артыңа көп жылға дейін «Хан жәрмеңкесі» деген мирас болып қалар, — депті. Сол аға Дәуіт өнеріменен хан сұрап екі уақыт жәрмеңке алған дейді.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі