Өткен Бөкей хан марқұм болған соң, Жәңгір хандық дәрежесін алуға патша ағзам хазіретіне барған уақыттағы жолдастары қайбалы Шөке, қара қазақтан байбақты ұрығының алтыке Таныс, шеркешті Жәмиш баласы екен. Хан бір арба да, Шеркеш би өз алдына бір арба да, төрелер ат үстінде екен. Төрелер ат үстінен жалығып мәслихат етеді, «Ендігі түскен жерде Шеркештінің арбасын біздер мінелік, ол — қара қазақ, біздер — төреміз, арба біздерге лайық қой», — деп. Мұны біліп Шеркешті би үйге кірмей, сырттағы арбасының үстінде жатыпты. Хан шақыртып алып: «Шеркешті, арбада нағып жатырсың?» — дегенде, айтыпты: «Айырылатын арбаға амандасып жатырмын», — деп. Хан айтыпты: «Бұл пікірлеріңізді қойыңыз, әркім өзінің көлігімен жүрсін», — деп.
Сонан патша хазіретіне жүз көріске кіргенде, хан жүрексініп Шөкеге: «Алдынан жүр!» — депті-ау. Сонда Шеркеш айтыпты: «Бұл есікті көрмеймін деп келіп пе ең, көрем деп келдің ғой, кірмеймін деп келіп пе ең, кірем деп келдің ғой, өзің жүр», — депті. Кімде болса, әуелгі кірген кісі хан болмақ екен. Шеркеш соны ойлап айтқан екен. Сонан күнде патша тарапынан билерге өз алдына түрлі нығыметләр беріледі екен. Бір күні төрелер айтады: «Патша бүгін біздерді жібереді екен», — деп. Шеркеш айтыпты: «Бұл орынға тамақ үшін келгеніміз жоқ қой», — деп. Бұл сөздерін тыңдап, біліп тұрған адамдар ханға жеткізіпті һам Шеркеш ханға айтыпты: «Патшадан намаз оқитын орын сұрасақ қалай болар?» — деп. Хан сол сөзіменен патшадан сұрапты: «Мұхаммедиский закон бойынша, бізлерге намаз оқитын орын болар ма?» — деп.
«Болар», — деп патша хазірет бір есік ашып, іші мешіт, жаюлы жайнамаз, ораулы шалма, тәсбих сықылды түрлі жақсы заттар. Сол орынға кеткенше намаз оқып тұрғанлар айтады: «Патшаның мұсылманға намаз оқуға салдырған мешіті екен, ең әуелі есігін ашқан — Жәңгір», — деп.
Сонан хан хандық дәрежесін, билерге шен берілгенде, Шеркеш биге иықта жүретін ең үлкен шен беріліпті. Хан жолдастарыменен қайтып келе жатып Уфадағы Нұралы ханның басына зиярат етіп болған соң, хан айтыпты: «А, бабам! Сенің осы жерде жатқаның қара қазақтан болды-ау, қазақтың ішінде Сырымнан болды-ау!» — депті. Сол сөзді айтқанда, Шеркеш би: «Ішім мұздап кетті-ау!» — депті. Ар жақта Нұралы ханды Сырым шауып, сонан қашып барып Уфаны тапқан екен.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі