Жәңгір ханның билерінің біреуі ноғай қазақ беріш Шомбал би болыпты. Шомбал бидің қорытып қойған көлінен ағайындары ұрлап тұз сатып, пайда етіп жүреді. Сол күнде бидің ауылдасы кірме кедей Жұмат деген жігіт ұрлап тұз сатыпты дегенді естіп, Шомбал Жұматтың жалғыз атын ұрлатып алдырыпты. Жұмат атының қолды болғанын, бидің ұрлатып алдырып отырғанын сезіп, биге келіп көптің алдында мына сөзді айтыпты:
— Осы би деп жүр едім ақылды би,
Қорғар деп жақын түгіл, жатыңды би.
Хәл қылып, ауқат шегіп отырғанда,
Алдырдың не себептен атымды, би?!
Осы би деп жүр едім білімді би,
Халық түгіл, хан қайырмас тіліңді, би.
Ажалым бір кісіден бола кетсе,
Жүр едім сіз сұрар деп құнымды, би.
Сақсынып сауысқандай жүрсем дағы,
Аяғым бір нәрсеге ілінді, би.
Тұзыңнан он екі арба алып едім,
Сұрасаң, енді айтайын шынымды, би.
Тәттібай, Бұзай алса, үндемейсің,
Осы жерден бөтендігім білінді, би.
Шиттей бала-шаға, жалғыз сиыр,
Бермесін біреуге де күнімді, би.
Тұзыңа екіншілей жуымаспын,
Салсам да быламыққа қолымды, би! —
депті. Шомбал:
— Жә, енді баршы, атың ешқайда кетпес, — депті. Соңынан атын да тауып беріпті. Сөз жүйесін тапқанда, мал иесін тауыпты.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі