Жеңіліске ұшыраған Исатай, Махамбет қолының аз ғана тобы Жайықтан өтіп, Тайсойған құлаған екен. Тайсойғанда Сәмбет дегеннің ауылына бірер күн қонақ болып, тағы ілгері аттанады. Әріректе әлім руынан шыққан Құдайберген деген бай адам тұрады екен. Әйелі байұлының қызы екен. Беріш руынан шыққан Исатай бір жағынан жамағат тұтып, сол Құдайберген ауылына барыпты дейді. Құдайберген: «Қыстай қонақ болып жатыңдар», — дейді. Исатайлар сол ауылдан қар кетіп аттанады. Құдайбергеннің тағы бір жұма бола тұрыңдар дегеніне қарамастан, Исатайлар аттанып кетеді. Құдайберген ере шығыпты. Қар жаңа ери бастаған уақыт болғандықтан, ерте таситын Сағыз өзенінің суы көтеріліп кеткен екен. Исатай тобы жіпсіз байланып, кейін қайтуға тағы болмайды, бір жұма Барлыбай бекетін паналаған екен. Азық та таусылады. Су кішкене төмен түскен кезде Исатай тобы судан өтеді. Олар әлім руына қарай бет алады. Ол кезде адай мен әлім руы бір-бірімен жауласып отырса керек. Исатай тобы жақындаған кезде «Адайлар келіп қалды» деп әлім руының адамдары атқа қоныпты. Сонда Құдайберген топты тоқтатқан екен. Осы сапарда Исатай мен Махамбет адай мен әлім руының беделді билерін кездестіріп, екі ел арасын татуластырған екен. Бұл да бір халық үшін қан кешкен, азаттық пен теңдікті көксеген асыл азаматтардың адамгершілігінің куәсі болса керек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі