Соғылды соңғы қоңырау

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / Соғылды соңғы қоңырау

Соғылды соңғы қоңырау — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Түлек, Шәкірт, Мектеп, Ұстаз — осы тақырыптарға байланысты.

Мектеп аманаты саналған түлек үшін соғылған соңғы қоңырау маңызы биік тараудың аяқталып, мүлдем бейтаныс, ересек өмірге деген ұзын етек жолдың бастауы. Бұл сәт қуаныш пен толқудан басталып, сағыныш пен қимастыққа дейінгі аралас сезімдерге толы. Өйткені, бір жаз ішінде түлек алдына мүмкіндіктер мен қиындықтарға толы ересектер әлеміне жетелейтін есік ашылады.

Түлек үшін соңғы қоңырау сыныптас, мұғалім мен естелікке толы мектеп табалдырығымен қуанышты қоштасу уақытына айналады. Бұл кез келген оқушы үшін уақыттың зулап, мектеп аясындағы қиындық пен қуаныштың қаншалықты тез өткендігі және әлі де шығар биіктің көп екендігі жайлы ойланатын уақыт.

Өмірдің жаңа бастамасына деген дайындық әуелден соңғы қоңырау сыңғырына дейін басталады. Көптеген түлек емтиханды сәтті тапсырып, қалаған оқу орнына түсу үшін, санауы жоқ ұйқысыз түндер мен толқуға толы сәттерді бастан кешіреді. Болашақ мамандығын таңдап, білім алу мен мансаптық мүмкіндіктерді зерттейді. Көбі үшін бұл уақыт стресс пен белгісіздікке толы, бірақ үміт пен болашаққа жетелейтін жол.

Сонымен қатар, мектеп бітіру де жаңа есіктің ашылып, “Өмір” атты сапардың басталуын білдіреді. Түлек үшін бұл болашағын баяндау, мамандық таңдау, оқу орнына түсу немесе тәуелсіз өмірді бастау уақыты.  Әрбірінің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылып, зерттелмеген өмірге толы ересек сәт табалдырығы көрінеді.

Сондықтан соңғы қоңырау – мектеппен қоштасу уақыты ғана емес, мұғалім, дос пен ата-анаға бала өмірдегі көрсеткен қолдау мен көмектері үшін алғыс айту күні. Осылайша, соңғы қоңырау бала тараудың аяқталып, ересек өмір тармағын қиыстырар жолға айналады. Мектеп есігі түлекке мәңгілік жабылғанымен, олардың алдында жаңа бастау мен мүмкіндіктерге апаратын жаңа есіктер ашылады. “Соңғы қоңырау – соңы емес, ол жаңа бастаманың басталуы”.

Бақыт Нұрай



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Соғылды соңғы қоңырау материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа мақалалар Түлек тақырыбындағы мақалалар Шәкірт тақырыбындағы мақалалар Мектеп тақырыбындағы мақалалар Ұстаз тақырыбындағы мақалалар Соңғы Қоңырау тақырыбындағы мақалалар nonibakyt жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғылды соңғы қоңырау деген не?

Бұл бетте Соғылды соңғы қоңырау тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.