Сарттарды бірнеше рет Есенкелді, Саржан, Ержан шауып кемшілік келтіре берген соң, сарттар әдейі кісі жібереді. «Біз қаралық, балаларын жіберсін, сөйлесіп екі арамызды жалғастырып тұралық», — деп. Қасым Есенкелді, Саржанды, Ержанды жиырма кісімен жібереді.
Бұлардың ішінде Ағыбай он тоғыз жаста, жүр демесе де, бірге жүреді. Сарттардың шақырған жеріне барғанда, бұларды құрметпен алып сыйлай бастайды. Сарттардың даяшысының бірі қазақ екен, әрдайым келгенде Ағыбайдың екі көзі сонда болады. Жігітке Ағыбай сөйлесейін десе, сарттардың көзінше сөйлесе алмайды. Төртінші күні тамақты кеш бере бастайды. Бір ретін тауып қазақ жігіт ишаратпен «бүгін өлтіреді» депті. Сонда Ағыбай: «Менім атым ана жүрген, оның қасында Қызылауыз, боз екеуін дайында», — дегенде, жігіт басын изеп «жарайды» деп жүре береді. Ағыбай төрелердің қасына келіп, ишаратпен өлтіретінін сездіреді. Кешкі тамақ келгенде, төрелер жей алмайды, сонда Ағыбай табақтарды алдына алып: «өлсем — атауым, өлмесем — жол азығым», — деп бәрін жеп қойыпты. Табақтарын жиып алған соң, сарттар төрде отырған төрелерді біртіндеп шығарып алып бауыздай бастайды. Бесінші ретінде, қазақ жігіті Ағыбайдың бетіне қарап «дайын» деген ишарат көрсетеді. Алтыншы ретінде, қазақ жігіті есебін тауып шығарып, Ағыбай өз атына мініп Қызылауыз атты жетектеп қашып, сонан келіп Қасымға хабар берген.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі