Наурызға арналған әсем құттықтаулар, тілектер мен тақпақтар

Наурыз мейрамы – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Бұл күні адамдар бір-біріне жылы лебіз айтып, ақ тілектерін білдіреді. Осы бетте сіз наурызға тілектер, құттықтау сөздер және тақпақтар жинағын таба аласыз.

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурызда табиғат жаңарып, береке мен ынтымақ артады. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Мұндағы дайын мәтіндер SMS, әлеуметтік желі немесе ауызша құттықтауға ыңғайлы.

Төменде отбасына, ұстазға, достарға арналған қысқа әрі әдемі тілектерді таңдаңыз.

Наурызға тілектер түрлері

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті әріптестер, достар мен серіктестер!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!

Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен,

****

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молаятын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!

*****

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын!

***

Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Шашу шашып, ел болып қарсы алайық!

****

Ұлыс оң болсын, Қазақ елі!
Жаңа күннің нұрланып шықты ерек,
Жаңа жылың шығыстан берді дерек.
Жер - Ананың өңірі аққа иіп,
Жер жаһанның етегін жапты желек.

Жеткенде наурызкөк жылы жақтан,
Наурызшешек көз ашар әлмисақтан.
Таңдайыңда бал татып ұлыс дәмі,
Белкөтерер берілер бауырсақпен.

Ұйқыашарға асығып қыз - жігіттер,
Үй аралап үлкендер жүз жібітер.
Алқа топқа берілген ақ баталар,
Самарқанның тасын да бір үгітер.

Бәйшешекпен көктесе көңіл көгі,
Жаңа бақыт жеткізер жылдың лебі.
Жаңа күнің бұл сенің, жаңа жылың – Наурыз құтты болсын, Қазақ елі!

****

Наурыз Сіздің шаңырағыңызға бақыт, береке мен құт әкелсін!
Көктем лебімен бірге келген мерекеңіз құтты болсын!

***

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Әз Наурыз келіп, әлемге табиғат жылы шуағын жайыпты.

Күн күліп, адамдар әдемі мейірімге бөленді.

Түркі тілдес халықтардың ортақ жаңа жылы – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Айдай аялап, күндей күліп келген, үлкен мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге адами бақыт, шығармашылық табыс, істеріңізге береке, елімізге құт - мереке әкелсін деген ізгі ниетімізді білдіреміз!

Қосымша материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Наурызға қандай тілектер айтуға болады?

Наурызда адамдар бір-біріне денсаулық, бақыт, береке және молшылық тілейді.

Наурыз мейрамына құттықтау сөздер қалай жазылады?

Құттықтау сөздер қысқа, шынайы және жылы болуы керек. Көбіне "Наурыз құтты болсын" деп басталады.

Наурызға арналған дайын тілектер бар ма?

Иә, бұл бетте наурызға арналған түрлі дайын құттықтау мәтіндері жинақталған.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз